Сабақтың ортасы. Мағынаны ашу.
20 минут
https://qrmedia.k z/aiFrw
|
(ЖЖ) Практикалық жұмыс
Мұғалім қарындаш салатын стақанның дайын берілген пішінін өзгерту жолдарын рет-ретімен түсіндіріп көрсетеді. Керекті құралдар мен материалдар: түрлі түсті қатырғықағаз, қайшы, желім, сызғыш, стақан, таспа.
Алтын түсті қатырғықағаздан диаметрі 4 см екі дөңгелек қиып аламыз.
Ені 5 мм ұзындығы 6 см болатын екі таспа қиып алып, көзілдірік жасаймыз.
Сары түсті қатырғықағаздан ұзындығы 3 см шаршы қиып аламыз.
Шаршының бір бұрышы мен екінші бұрышының ұштарын біріктіріп, мұрын жасаймыз.
Ақ қатырғықағазға күліп тұрған ауыздың суретін сызып, қиып аламыз.
Дайын болған бөлшектерді қара стақанға желіммен жабыстырамыз.
Қарындаш салатын ыдысымыз дайын болды. Осылайша қарындаш салғыш дайын болды. Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық. Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық
|
Оқушылар бейнебаянды көріп, тапсырманы мұғалімнің нұсқаулығы бойынша жалғастырып, тапсырманы аяқтайды,
Алтын түсті қатырғықағаздан диаметрі 4 см екі дөңгелек қиып алады.
Ені 5 мм, ұзындығы 6 см болатын екі таспа қиып алып, көзілдірік жасайды.
Сары түсті қатырғықағаздан ұзындығы 3 см шаршы қиып алады.
Шаршының бір бұрышы мен екінші бұрышының ұштарын біріктіріп, мұрын жасайды.
Ақ қатырғықағазға күліп тұрған ауыздың суретін сызып, қиып алады.
Дайын болған бөлшектерді қара стақанға желіммен жабыстырады.
Қарындаш салатын ыдысымыз дайын болды.
|
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интербелсенді тақта. Оқулық, қажетті құрал- жабдықтар, стақан, түрлі түсті қатырғықағаз, желім, қайшы, сызғыш, маркер.
|