Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
(ҰЖ) Талқылайық! Колорит (итал. colorіto, лат. color – түс, реңк, бояу) – бейнелеу өнеріндегі алуан түстердің арақатынас жүйесі, өмір көріністерін бояулардың үйлесімділігі арқылы эстетикалық тұрғыдан пайымдау.
Колорит шындықты көркемдік тұрғыдан тануда үлкен рөл атқарады. Ол шығарма мазмұнына, өзіндік шеберлігіне, дәуіріне, стиліне тікелей байланысты. Колорит айқын, өзгермейтін түстердің үйлесімінен тұруы мүмкін. Бояу түрінің басым не кем қолданылуына байланысты колорит жарқын, күңгірт, салқын (көк пен жасыл түс басым болғанда) немесе жылышырайлы (қызыл мен жасыл түс көбірек қолданылғанда), салмақты, шиеленісті болып келеді. Бояулар үйлесімі кереғар түсіп, көзге ұрып тұруы да мүмкін. Ондай жұмыстарды жақыннан қараған адамға бояу түстері бір-бірімен қосылмайтындай, баттиып, бадырайып көрінеді. Ал біртіндеп алыстаған сайын ашық бояу реңдері жымдасып, ғажайып бір өңге енеді. Мұндай шығармаларға 18 ғасырдың ортасы мен 19 ғасырдың басында бейнелеу өнерінде ерекше бетбұрыс әкелген.
|
Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.
Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Интербелсенді тақта
|