Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия.
5 минут
|
«Бес саусақ» тәсілі.
Бас бармақ – басты мәселе.
Бүгін сабақта айтылған ең құнды мәселе не?
Балаң үйрек – бірлесу.
Мен сыныпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Кімді риза қылдым?
Ортан терек – ойлау.
Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни
«Дұрыс, келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1–10 балдық жүйе бойынша, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.
|
|