Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет80/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Көрме ұйымдастыру.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Оқушылар ермексаздан жасаған жұмыстарын көрмеге ұсынады.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды:
«Дұрыс, келісемін»,
«Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1–10 балдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.





Қысқамерзімді жоспар. №26 сабаққа арналған ұсыныстар


Блок

Бізді қоршаған әлем

Бөлім:

Дизайн және сәулет

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Экоүй (сурет-жоба). Түрлі түсті қарындаштармен сурет салу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.3.6.2 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшеліктерін білу және сипаттау, сәулет құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Табиғи формаларды зерттеу. Экологиялық таза тұрғын үй жобасын құру үшін қоршаған ортаны бақылауды қолдану.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы. Қызығушы- лықты ояту
7 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жылулық шеңбері: «Ғажайып жылулық шынжыры». Балалар жымиып күліп, бір-біріне ізгі тілектерін айтады. Жұмыс ережесімен келіседі.
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!

Сәлемдеседі. Тыңдайды.

Оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.



Ауызша бағалау Тамаша!

Интербелсенді тақта. Презентация. Бейнелеу өнері сабағына қажет құрал-жабдық- тар




Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
(ЖЖ) Түрткі сұрақтар қою. Экоүй дегеніміз не?
Жоба дегеніміз не?
(ҰЖ) Талқылайық! Экологиялық үй қазіргі кездегі сәнді тренд немесе батысқа еліктеушілік емес. Қазіргі экологиялық-экономикалық аһуал экологиялық үйлерді салуға ықпал етуде және келешекте осындай үйлердің көптеп салынуына да жол ашуда. Күннен-күнге қымбаттап жатқан энерготасымалының құны осының бір мысалы ғана бола алады.

  • Жалпы айтқанда, экологиялық үй дегеніміз не?

  • Оны қалай, неден тұрғызуға болады?

  • Оны тұрғызу мүмкіндігі, үй құны қалай болмақ?

Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік! Экологиялық үй деп, қоршаған ортаға кері әсері аз, энергияның барлық түрімен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын үйді айтамыз.
Экологиялық үй, негізінен, үш бөліктен тұрады. Ең бірінші – үйдің қорапшасы. Жай үймен салыстырғанда күн сәулесі есебінен жылулық қорғанышы алты еселенген экоүй ғимаратын экономикалық және техникалық мақсатта жылыту қажет. Экоүйдің екінші бөлігіне оның тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері – жылыту, вентиляция, органикалық және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жатады. Үшінші бөлігіне биоботаникалық бағы бар ғимарат жатады.
Нағыз экоүйлерді жылуды жақсы сақтайтын, адамзатқа зияны жоқ, жылы, аялы үй ретінде елестетеміз. Ондай үйді жасау үшін, алдымен үйдің жылы қорапшасын жасау қажет. Яғни үйдің құрылысы үшін жылытқыштарды пайдалану арқылы тек қабырғасын ғана емес, іргетасы мен еденін де жылытуға болады.
Экологиялық үйлердің біраз артықшылықтары мен ерекшеліктері болады. Ішіндегі ең маңыздыларына тоқталып өтсек:

  • компьютерлендіру;

  • изоляция;

  • вентиляция;

  • экологиялық материалдарды қолдану.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


Оқушылар қоршаған ортадан өздеріне таныс материалдан үй жобасын ұсынады.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

«Керемет сурет!»,
«Өте ұқыпты боялған!», «Сенің қолыңнан бәрі келеді!» деген сияқты тіркестерді пайдалану.




Сабақтың ортасы.
Мағынаны ашу.
20 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет