Бейнелеу өнерінің негіздері



Дата26.04.2023
өлшемі18,88 Kb.
#87027
Байланысты:
бейнелеу9


Бейнелеу өнерінің негіздері
Тапсырма 9
1.Бейнелеу іс-әрекеті жұмыстарын жоспарлаудың негізгі принципі.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. 
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады. 
Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші принцип – ғылымилық принципі туындайды. 
Мұнан соң көрнекілік принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншлыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі принципі дидактикалық принциптердің маңыздыларының бірі. 
Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі принципі шығады. 
Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші — заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады. 
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді. 
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар сурет салумен қызыға айналысады, ал бірақ олардың көбісінің жасы өскен сайын суре салуды тастап кетеді.
Ғылымдардың ғылыми — зерттеу жұмыстары балаларды реалистік сурет салуға бірінші сыныптан бастап үйретуге болатындығын, және ол қажет екендігін көрсеткен. Бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқытуды мектепке дейінгі жастағы балаларға болатындығы туралы пікірлер айтқан. Жас балалар шығармашылық жұмыс жасау барысында үлкендердің еңбегіне таң қалады, соларға еліктейді. Бақылау нәтижелері көрсеткендей балалар шығармашылығын, яғни баланың өмірдегі дәрменсіздігін біз талант көрінісі деп бағалаймыз. Баланың қабылдауын сақтай отырып, біз балаларды көркемдік білім беруден құр алақан қалдырамыз. сөйтіп бұл дәрменсіздік ұзақ жылдарға созылады. 
Балалар бақшасының кіші топтарындағы жас өспірімдер оқу бағдарламасы бойынша қаламсап пен қылқаламды дүрыс ұстап, оны қолдануға, дөңгелек және төрт бұрыш (доп, жалауша) заттарды бейнелеуге үйретілсе, үлкен топтағы балалар қарапайым сәндік композиция құруға, және өмірден алған әсерлері бойынша бейнелеуге үйретіледі. 

2.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар


Бейнелеу өнері –мектепке дейінгі жастағы балалардың балалық шақ кезеңінің жағдайын жасау арқылы бала дарынының ашылуына өз шарықтау шегіне жетіп,толық көрініс табуына әсер ететіні сөзсіз. Бейнелеу қызметі – бұл шығармашылықтың әртүрлі жолдармен жүре алатын арнайы бейнелік таным-түсінігі.
Бейнелеу қызметі кезінде тәрбиенің сенсорлық,ақыл-ой ,эстетикалық, адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып,содан кейін әрекет ете бастайды. Олар іс-әрекетке кірісер алдында өздерінің қалыптасқан түсініктерінің негізінде ақыл-ойдың алға қойған міндеттерін шешу үшін оны жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді.
Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін үйретудің әдістері мен тәсілдеріне тоқталып өтетін болсам,алдымен жалпы бейнелеу өнеріне сипаттама беріп өтейін.
Бейнелеу өнері – болмыстың қабылданған образдардағы көркем кескіні. Бейнелеу өнері алғашқы қауымдық құрылыста пайда болды. Хайуанаттарды және аң аулау көрінісін бейнелейтін алғашқы суреттер сүйектен ойылып, тастан қашалып жасалған адамдар мен хайуанаттардың фигуралары – алғашқы мүсіндер, ою — өрнектермен әсемделген еңбек пен тұрмыс заттары сол кезге жатады.
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
— Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;
— Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
— Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;
Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
— Кеңестер беру;
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;

3.Балабақша және бастауыш сынып оқушыларымен бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі.


Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым - педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан - жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде іске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасалынуда. Бейнелеу өнері мектеп жасына дейінгі баланың көркем қызметін түсіндіреді, ол арқылы баланың тұлғасын жан – жақты дамуына әсер береді, онымен қатар айналадағы өмірді активті түрде танып білуі, өздерінің көзқарастарын графикалық және пластика түрде шығармашылықпен жеткізе алатындарын тәрбиелейді. Әрине, бала бүкіл бейнелеу өнер түрлерін жаулап алуы мүмкін емес, сондықтан педагог бейнелеу қандай өнердің ерекшеліктерін бала түсіне, қабылдай алады дегенді белгілеуге көмектеседі. Сурет салу, жапсыру, құрастыру сабақтарында – өз дегенінен қайтпайтын, айнымайтын, ұқыптылық, еңбекқор тұлға қасиеттері қалыптасады. Бейнелеу өнер үрдісінде балалар графикалық және көркем шеберлік пен әдетке, айналадағы өмірдің құбылыстарын талдауға үйренеді. Балабақшадағы бейнелеу сабақтары айналамен танысуларына көп көмек береді онымен қатар өзінің көзқарасының дамуына, көз алдына елестетулеріне, есте сақтауларына, сезімдеріне және тағы басқа психикалық үрдістерге көмектеседі. Педагог баланың психологиясын жақсы білсе, онда баланың бейімділігін, ықыласын түсінуге ықпал етеді. Бейнелеу өнер сабағы баланың тілін дамытуға, тіл байлығын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Педагог негізгі оқу тәсілдерінде ең бірінші сөзді пайдаланады; сабақтың тақырыбын анықтайды, тапсырманың орындау реттілігі туралы айтады. Тәрбиешінің эмоцианалды, ашық түрде айтқан сөзі баланың бейнелеу үрдісін тереңірек түсінуге көмектеседі. Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл - ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың өз процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен өзгеріс есті - бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс - әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс - әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде. Балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағлұматты есте қалдыруы. Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе «жұмбақ» сынды кезеңі. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда көп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс - тәсілдерді оқу - тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер. Репродуктивтік жұмыстарға - баланың дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т. б. жатады. Балалардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар – баланың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т. б. Балалардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым - педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан - жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасалынуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет