Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі87,5 Kb.
#16616
1   2
Байланысты:
бейн.өнері түрл.жанрлары

Тест сұрақтары



1. Жылы түстерді ата.

а) көк


ә) сары

б) күлгін


2. Иллюстрация дегеніміз –

а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет

ә) ойдан салынған сурет

б) түрлі нобай суреттер


3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады?

а) натюрморт

ә) портрет

б) пейзаж


4. Маринистік жанр дегеніміз –

а) соғыс тақырыбындағы шығармалар

ә) теңіз, көл тақырыбындағы шығармалар

б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар


5. Акварель бояуын немен езеді?

а) сумен


ә) тек ыстық сумен

б) арнайы ерітіндімен


6. Суық түстерді ата.

а) қызыл


ә) қоңыр

б) көк
7. Түс шеңбері неше түстен тұрады?

а) 8

ә) 6


б) 4
8. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға жатады?

а) пейзаж

ә) портрет

б) тарихи жанр


9. Түрлі-түсті бояулармен салынған көркем шығарма қалай аталады?

а) графика

ә) сәулет өнері

б) живопись


10. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата?

а) гуашь


ә) акварель

б) тушь
11. Негізгі түстерді ажырат.

а) күлгін, сары, жасыл

ә) қызыл, көк, сары

б) жасыл, қызыл, көк
12. «Композиция» сөзі нені білдіреді?

а) бейнелеу

ә) құрастыру

б) суретті бояу


13. Пейзаж қандай шығарма?

а) жануарлар бейнеленген сурет

ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет

б) адам келбеті бейнеленген шығарма


14. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер.

а) мүсінші

ә) суретші

б) сәулетші


15. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім?

а) Қ. Телжанов

ә) Ә. Қастеев

б) М. Кенбаев


Әрбір дұрыс жауаптарға ұпай – қарындаш беріледі. Қарындаш саны көп топ жеңіске жетеді. Бағалау.

4. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта бейнелеу өнерінің түрлері және жанрларымен таныстық. Түрлі жанрда жазылған суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, дүниені танып-білуге, сұлулық пен әсемдікті көре, сезіне білуге ұмтылдырады. Бейнелеу өнері бізді сұлулық әлеміне жетелейді.

Сыныптан тыс сайыс сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Көрнекі құралдар: сайыс тақырыбы, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, тест, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі, ән-әуез.

Сабақтың барысы:

Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнері болып табылады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді», – деп айтқанындай, қазақ халқын айнала қоршаған зат, бұйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та, кез келгенінен ою-өрнек өнерінің элементтерін көреміз. Сол ою-өрнектер әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.
Сондықтан бүгінгі «Оюмен түстік жарысқа» атты сайыста екі сынып оқушылары өздерінің ою-өрнек жайлы білімі мен біліктілігін, шеберлігін сынға салмақшы.

1 жүргізуші: «Оюмен түстік жарысқа» сайысына қош келдіңіздер.


Сайыс бағдарламасы:
1. «Атымда менің сырым бар». Екі топтың таныстыруы.
2. «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
3. «Кім білгір?». Тест сұрақтарына жауап беру.
4. «Өрнекпен безендіру».
5. «Ою әнмен әсерлі».

2 жүргізуші: Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырайық.


3 «а» сыныбы – «Шеберлер» тобы
3 «ә» сыныбы – «Жұлдызша» тобы

1 жүргізуші: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де халық даналығы. Бабаларымыздан қалған өнердің бірі – ою-өрнек. Оюларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.

2 жүргізуші:
Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,
Қошқармүйіз оюы болсын ермек.
Кел, балалар сайысты біз бастайық.
Әділқазы алқасын таныстырып,
Сайыстың бағасын берсін лайық.

1 жүргізуші: Сайысқа қатысушы әділқазы алқасын таныстырып өтейік.


Әбдиев Ербол – директор орынбасары
Жұмабекова Ұлбосын – бейнелеу өнері пәні мғалімі
Дауылбаева Айгүл – технология пәні мұғалімі
2 жүргізуші: Сайыстың алғашқы байқауы – «Атымда менің сырым бар» деп аталады. Байқаудың шарты – топ атының мән-мағынасын ашу.

«Шеберлер» тобы:


Топ басшысы: Қазақ халқының қолөнерінің түрі көп. Атап айтсақ, зергерлік, ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату, кілем тоқу, киіз басу, ши тоқу, алаша тоқу, кесте тігу, ою-өрнек. Осы ұлттық қолөнерімізді ғасырлардан ғасырларға жалғастырушы, дамытушы – халық шеберлері. Біз де ата мұрасын жалғастыратын шебер боламыз. Сондықтан да біздің топ – «Шеберлер» тобы.

Айғара Нұргүл:


Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз,
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.

Нұртай Әлихан:


Бұйымдар мен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті.
Қиын да болса қиналмай,
Мен де үйрендім өрнекті.

Әбілда Аружан:


Оя алсаң ою әдемі,
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен,
Ою әсем түр-түспен.

Жұмаш Бағдат:


Сәлем беріп «Жұлдызға»,
Топтағы бар ұл-қызға.
Сәттілік, ұтыс тілейміз,
Озсын самғап шың-құзға.

Айболат Айжан:


Оюмен ой бөлісіп,
Өзіңді таныт қалыспа.
Шат көңіл, күлкі, қуаныш,
Достық жеңсін жарыста.

«Жұлдызша» тобы:


Топ басшысы: Жұлдызша – қазақ халқының байырғы өрнек белгіліерінің бірі. Өйткені ою-өрнектер тек көркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтың өмірге деген талпыныстарын да танытқан. Біз бүгінгі сайыста аспан биігінен жарқырап көрініп, қарсыластарымызға, қонақтарға жұлдыз нұрын төгейік, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері де сансыз жұлдыздардай көбейіп, түрлене берсін, ешқашанда жарық сөнбесін деген ниетпен тобымызды «Жұлдызша» деп атадық.

Шәден Зарина:


Ерте халық өнерінде,
Өрнек болған – жұлдызша.
Одақтық кеңес кезінде,
Белгі болған жұлдызша.

Шәден Айдын:


Өнердегі жұлдызша,
Танытқан халық танымын.
Оқушы таққан жұлдызша,
Көрсетер оқу талабын.

Құрманғалиева Марина:


«Жұлдызды» тақты атам да,
Болып Ері Еңбектің.
«Жұлдызды» тақты әжем де,
Өсіріп он бір бөбекті.

Орынбек Қуаныш:


Ою ойып оймақты,
Шеберлікті шыңдайық.
Білгір болып білікті,
Жанбай жұлдыз тынбайық.

Шайзада Ақбота:


Ою-өрнек өнерін,
Жарыстырған ордаға
Өнерді сүйген ұл-қызға,
Жалынды сәлем «Жұлдыздан».

1 жүргізуші:


Тұскиіз төрде ілінген,
Оюы қандай әдемі.
Өрнегі ашық білінген,
Ұлттық бұйым кәделі.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Босқа мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға епті жан керек.
Келесі байқау «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады. Топ мүшелері ою ойып жарысады.

2 жүргізуші: Келесі байқауымыз – «Кім білгір?». Екі топқа тест сұрақтары беріледі. Топ мүшелері бірлесе тест жауаптарын белгілейді.

«Шеберлер» тобы
1. Сынықмүйіз оюы нені білдіреді?
а) мүйіздің бір сыңарын білдіреді.
ә) малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
б) бұғының мүйізіне ұқсайды.

2. Иттабан оюы қай өрнек түріне жатады?


а) өсімдіктік
ә) геометриялық
б) жануарлық

3. Геометриялық ою-өрнекке қай ою жатады?


а) қошқармүйіз
ә) тұмарша
б) бүршік

4. Аспан әлеміне байланысты өрнек қайсысы?


а) шұғыла
ә) жіліншік
б) өркеш

5. Құстарға байланысты ою-өрнекті ата.


а) ботакөз
ә) құсқанаты
б) балта

«Жұлдызша» тобы


1. «Қолтықша» оюы нені білдіреді?
а) байлықты
ә) қонақжайлылықты
б) еңбекті

2. Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?


а) айшық
ә) балдақ
б) бүршік

3. «Ою-өрнек» атауы қай сөзден шыққан?


а) живопись
ә) натюрморт
б) орнамент

4. Жануар тектес ою-өрнек қайсысы?


а) ирек
ә) сыңармүйіз
б) айшабибі

5. Жәндіктерге байланысты өрнекті ата.


а) өрмекші
ә) қосдөңгелек
б) өркеш

1 жүргізуші:


Ою-өрнек сәндігі
Көздің жауын алады.
Болмаса зат өрнексіз,
Ешбір мәнсіз қалады.
Ендігі байқау шарты – сурет салу. Сайысқа түскен өнершілер берілген бұйымды өрнекпен безендіреді.

2 жүргізуші: Соңғы байқау – ән байқауы. Ол «Ою әнмен әсерлі» деп аталады. Екі топтан екі оқушы шығып ән орындайды.


«Шеберлер» тобы – Айболат Айжан «Жылайды жапырақ» әні
«Жұлдызша» тобы – Шайзада Ақбота «Ертегілер елінде» әні

1 жүргізуші: Осымен «Оюмен түстік жарысқа» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айтуға сөз кезегін әділқазы алқасына бермекпіз.


Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
«Шеберлер» тобы – 75 ұпай
«Жұлдызша» тобы – 69 ұпай жинады.
Топтар «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.


«Ою-өрнек, құрау құрау – қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын,
Ағайын-туысқа пейілді болсын,
Өнер-білімге зейінді болсын,
Он саусағынан өнер тамған
Оюшы болсын деп, – бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр Сызушысы

Мақсаты; Жұмысты орындау барысында оқушылардың эстетикалық талғамдары мен сызу пәніне деген шеберлік ынта- қабілеттерін арттыру.

Дамытушылығы; Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік; Қағаз бетіне сызба жұмыстарын орындау барысында ұйымшылдыққа, тазалыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бақылау, сайыс сабақ

Қолданылатын көрнекіліктер: Таратпалар, тест сұрақтары, кампьютер…

Қолданылатын құралдар; Сызба құралдарының жиынтығы.

Сабақтың барысы:


Оқушылар бүгінгі сабағымызды ойын жарыс түрінде өткіземіз, осы уақытқа дейінгі алған білімдеріңді тексеру үшін сыныпта әрбір оқушы бірінші болып ұпай жинап алуы керек . Соңынан жинаған ұпай санымен анықталып бағаланады

Сергіту. Оқушылар тест сұрағына жауап береді. (Сайыс 5 ұпай мен бағаланады, 19 сұрақ , әр қайсысына 5 ұпайдан.)

Түсін мені. Оқушылар мына сөздердің анықтамасын айтуы керек; Сызба, овал,
масштаб. (Сайыс 5 ұпаймен бағаланады Қойылатын талап- бірінші болып толық жауап беруі керек.

Графикалық тапсырмалар; Бұл сайыста оқушылар тапсырмаларды орындайды.


9 Кестеде берілген.(Әрбір жауап 5-ұпаймен бағаланып отырылады) Пішім өлшемдері, сызықтың түрлері, өлшемдер, масштаб, қаріптер, сызбалар, сызбадағы өлшемдер, параллель.

Сайысты қортындылау; Ұпайды ең көп жинаған оқушы « ХХІ ғасыр Сызушысы » атағын алады.Жарыс, сайыстың барысы;

Сергіту; тест сұрақтарына жауап беру керек
Дұрыс жауапқа 5 ұпай алады

Сергіту; Сызу пәнінен тест тапсырмалары:


1. Алғашқы бу машинасын ойлап тауып, оның сызбасын орындаған кім?
а) И.П. Кулибин
ә) И.И.Ползунов
б) І Петр.
в) Н.Ф.Четверухин.
2. Қаттылығы орташа қарындашты қалай белгілейді?
а) Т б) ТМ
ә) 2М в) 3Т
3. Басы бар ұзын сызғыш қалай аталады?
а) Рейсфедер
ә) Рейсшина
б) Даярша
в) Бұрыштық
4. Сызбада неше тұтас сызық бар?
а) 9 б) 5
ә) 4 в) 7
5. Өлшем сызықты сызғанда қандай сызық қолданылады?
а) тұтас жуан негізгі сызық
ә) тұтас ирек сызық
б) тұтас жіңішке сызық
в) үзілме сызық
6. Басқа елдерде қатты қарындашты қалай белгілейді ?
а) В б) Р
ә) Н в) А
7. Мектепте қолданылатын (формат) пішім қалай белгіленеді ?
а) А1 б) А3
ә) А2 в) А4
8. А4 пішімнің өлшемі қандай?
а) 841х594
ә) 420х297
б) 297х210
в) 594х420
9. Кішірейту масштабы қайысы?
а) М 1:4 б) М 1:1
ә) М 2:1 в) М 10:1
10. Г,З,С әріптерінің ені қалай анықталады?
а) g=5d
ә) g =7d
б) g =8d
11. Әріптердің арақашықтығы қандай?
а) а =2d б) а =5d
ә) а =4d в) а =8d
12. Көлбеуліктің белгісі қандай ?
а) □ б) ∆
ә) > в) ø
13. Сызықтық өлшемдер сызбада қандай өлшем бірлікпен беріледі ?
а) см, б) дм,
ә) мм, в) м.
14. Өлшем сызықтары өлшемі көрсетілген кесінділерге қатысты қалай орналасады ?
а) перпендикуляр
ә) параллель
б) көлбеу
в) қиылысады
15. Диаметрлердің өлшем санының алдына қандай белгі қойылады ?
а) R. б) S.
ә) ø в) □
16. Шеңберді тең 16 бөлікке бөлу үшін алдымен оны нешеге бөлу крек ?
а) 4 б) 5
ә) 8 в) 12.
17. Шеңберді тең 10 бөлікке бөлу үшін алдымен нешеге бөлу керек ?
а) 5 б) 2
ә) 3
18. Қиюшы түзу деген не ?
а) шеңбермен жанасатын түзу,
ә) қисықтық екі нүктесін қосатын түзу.
б) шеңбермен бір нүктеде қиылысатын түз
19. Түйіндесу деген не ?
а) түзеулердің өзара қиылысуы
ә) шеңберлердің өзара қиылысуы
б) екі сызықтың бір-біріне үшінші сызықтың көмегімен біртіндеп өтуі.
2- сурет
2-суреттегі сызбадан жауабын қарап жазыңдар.

Өлшем санның биіктігі қанша мм болуы керек екен ?

Шығару сызығының осы қашықтығы қанша мм болуы керек ?

Шығару сызығының осы қашықтығы қанша мм болуы керек ?

Осы сызықты қалай атаймыз ?

Осы белгі ненің белгісі ?

Бұл жазу нені білдіреді ?

Осы белгі ненің белгісі ?

Бұл сызық қалай аталады ?

Осы сызықты қалай атаймыз ?


10. Нұсқама өлшем көрсеткіші қалай орындалады ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет