Оқу кабинетін сабақтың басталуынан 15 минут бұрын ашу қажет.
Оқушылар кабинетте мұғаліммен бірге болу керек.
Кабинеттің ауасын әр үзілісте тазартып тұру қажет.
Мұғалім сабақтан соң тазалық жүргізуді ұйымдастырып отыруы қажет.
ОҚУ ЖЫЛЫНДА (КЕЛЕШЕКТЕ) ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Кабинет жоспары кабинетке жауап беретін пән мұғалімімен кабинеттің қызметіне сәйкес жасалынады.
Бірінші бөлім – кабинеттің өткен жылғы жұмысына талдау жасау.
Екінші бөлім – жаңа оқу жылының міндеттеріне, көрсететін тақырыптық жоспарлары, дидактикалық құралдарды жаңарту, тірек конспектісін жасау, диагностикалық карта, сызу, бейне фильмдерді алу, кестелер және оқу-әдістемелік құралдарды мектеп бағдарламасындағы білімге сай болуы қажет.
Үшінші бөлім – кабинеттің жұмыс уақыты (сабақтар, қосымша сабақтар, факультативтер).
КАБИНЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған техникалық және көрнекті құралдар, оқулықтар, әдістемеліктер, дидактикалық құралдар және т.б..
Оқу жылында жасалатын жұмыс жоспары.
Техникалық қауіпсіздік және гигиеналық тазалық ережесін сақтау.
Безендірілгенде эстетикалық талапқа сай ауыстырылатын, ауыстырылмайтын сабақ-хабарлама стендтері, суретті жабдықтар, т.б. құралдар болу керек (оқу кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес).
Оқу жабдықтарымен, оқу-әдістемелік құралдармен, мектептегі білім жоспарын орындау үшін қажет.
Оқу-әдістемелік және оқыту құралдары жиынтығы кабинеттің түріне, білім стандартының талабына, оқыту жоспарына сәйкес болуы қажет.
Мектептің оқыту жоспарына сәйкес оқулықтармен, үлестірмелі материалдармен қамтамасыз ету.
Негізгі білімді ашық және көрнекті түрде оқытуға жеткізу. Сонымен қатар қажетті деңгейдегі дайындықты талап ету (білім стандартына сәйкес).
Базалық және дамыған білім берудің стандарттық деңгейдегі талаптарын диагностикалық орындау үшін типтік тапсырмалар, тесттер, эссе, бақылау жұмыстары және т.с.с. жұмыстармен оқушыларды қамтамасыз ету.
Міндетті бағдарлама, қосымша білім беру бағдарламасы, үлгермеушілермен жеке жұмыстар, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуі бойынша оқу кабинетінің жұмыс кестесі.