2. Молекулааралық– жай және күрделі заттардың, сол сияқты әртүрлі атомдық және молекулалық бөлшектердің (радикалдардың, иондардың және ион-радикалдардың) қатысуымен жүретін реакциялар мысал бола алады:S + О2 SО2 3. Диспропорциялану реакциялары немесе дисмутация (ескі аталуы - өздігінен тотығу-тотықсыздану реакциялары) - бір молекуланың (немесе ионның) құрамында болатын әртүрлі аралық тотығу дәрежесіндегі элемент атомдары тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың қызметін атқарады:
Сl2 + 2КОН КСlО + КСl + Н2О
Электролиттің ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты ток өткен кезде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын электролиз дейді.
Бейорганикалық заттардың қасиетін төмендегі жоба бойынша қарастыруға болады.
• Сумен әрекеттесу;
• Электролиттік диссоциация;
• Оттегімен әрекеттесуі;
• Сутегімен әрекеттесуі;
• Галогендермен әрекеттесуі:
• Күкірт қышқылымен әрекеттесуі;
• Азот, фосформен әрекеттесу;
• Көміртегі, кремниймен әрекеттесу;
• Сілтілік металдармен әрекеттесуі;
• Сілтілік-жер металдармен әрекеттесу;
• Басқа металдармен әрекеттесуі;
• Оксидтермен әрекеттесуі;
• Қарапайым қыщкылдармен әрекеттесуі;
• Қышқыл тотықтырғыштармен әрекеттесу;
• Негіздермен әрекеттесуі;
• Тұздармен әрекеттесуі;
• Органикалық заттармен әрекеттесуі;
• Температураның әсері;
• Қайта қалпына келу қасиеттері;
• Басқа топтағы заттармен байланысы;
• Сапалық реакциялар;
• Ерекше косылыстар.