Ковалентті байланыс – бұл атомдар арасында ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыс.
Ковалентті байланыс – бұл атомдар арасында ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыс.
Ковалентті химиялық байланыста электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.
Ковалентті байланыс
Джильбер Льюис
Ковалентті байланыс теориясын
1916 жылы американдық ғалым Джильбер Льюис ұсынды. Осы теорияға сай, ковалентті байланыс түзілуінің негізгі себебі атомдар арасында ортақ электрондық жұптың түзілуі болып табылады. Ковалентті байланыс жай зат молекулалары арасында (H2), Cl2 , O2, N2 және әр түрлі бейметалдар атомдары арасында (HCl, H2O, PCl3 , NH3 CO2 түзіледі.
Полюссіз ковалентті химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға ауыспай, симметриялы түрде ортада орналасады. Полюссіз химиялық байланыстағы қосылыстардың қайнау және балқу температуралары төмен, полюсті еріткіштерде иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді.
Сутек атомының электрондық формуласы 1s1.
Сутектің электртерістілігі 2,1.
S – электрондарының электрон бұлттары сфера (шар)
тәрізді, олардың өзара әсерлесуін былай көрсетуге
болады:
сонда s электрондарының бұлттары өзара қабысып, екі электрон екі ядроға да ортақ, олардан бірдей қашықтықта орналасады.
Сутегі молекуласындағы атомдардың ұсталып тұрған күштерінің табиғатын алғаш 1927 жылы ағылшын ғалымдары Гейтлер мен Лондон кванттық механика тұрғысынан түсіндірді. Олар Шредингер теңдеуі бойынша
байланыстың екі сипатын - энергия мен ядро аралық ұзындықты есептеді. Сутегі молекуласы төрт микробөлшектен тұрады. Екі атом бір – біріне жақындаған кезде тартылыс күші, ал екі ядро мен екі электрон арасында тебілу күші пайда болады. Осы тартылыс және тебілу күші теңескен жағдайда молекула тұрақты күйге келеді.