Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Оқытудың түрлері жүйесіндегі сабақ. Химия сабағына қойылатын талаптарды жазыңыз



бет6/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

8.Оқытудың түрлері жүйесіндегі сабақ. Химия сабағына қойылатын талаптарды жазыңыз.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Химия курсының мазмұны, химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы оқытылады: ғылымилығы, жүйешілігі , түсініктілігі , көрнекілігі, теорияның сармандыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы- орта мектептегі химия негізінен ғылымды толық шешімін тапкан деректер мен көзқарастар кіреді.Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті материалдың негізінде енгізілу керек.
Жүйелілігі - оқу материалы, ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырады.
Түсініктілігі - оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Осының бәрінде оқушылар жан жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпарат алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге уйрену керек .
Жәнеде көрнекі құралдарды пайдалану қажет, оларды пайдалану әрқашан сөзбен қатар жүргізіледі.
Мұғалімнің педагогикалық қызметі , еңбегінде және қызметінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу болып табылады. Педагогикалық функциясын атқара отырып оқушыларды біліммен сусындандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет