6. ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒЫТЫ
Дәріс жоспары
Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары.
Реакцияның жылулық пәрмені.
Қосылыстардың түзілу жылуы.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары мен бағыты.
Химияның негізгі міндеттерінің бірі химиялық процестің жүруі мен динамикалық сипатын зерттеу. Бұл ілімді игеру химиялық және физика-химиялық процестердің жүру мүмкіндігі мен бағытын алдын ала болжауға, энергетикалық пәрмендер мен энергия шығынын есептеуге, сол сияқты кейбір жағдайлардағы қажетсіз реакциялардың алдын алуға, қайсыбір жабдықтардағы ақауларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |