Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Таразы және таразымен жұмыс істеу



бет107/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Таразы және таразымен жұмыс істеу
Химиялық зертханадағы қажетті құралдың бірі – таразы. Әрбір студент таразымен жұмыс істей білуі керек. Әдетте, химия зертханасында технохимиялық, аналитикалық таразылар қолданылады. Технохимиялық таразыда зат 0,01 г дәлдікке дейін өлшенеді. Бұл таразы көбіне заттарды синтездеуде реакцияға кірісетін және реакция нәтижесінде түзілетін заттарды өлшеу үшін пайдаланылады.


  1. Технохимиялық таразы.

Технохимиялық таразыда өлшеу барысында мына ережелерді есте сақтау керек:

1. Өлшеу барысында технохимиялық таразының дұрыс жұмыс істемейтіндігі байқалса, ал байқалған ақауды өлшеуші жөндей алмайтын болса, бұл туралы оқытушыға не лаборантқа хабарлайды.

2. Таразы табақшаларына ылғалды, былғаныш және қатты, ыстық нәрселерді, ұнтақ заттарды салуға болмайды.

3. Өлшенетін зат таразының сол жақтағы табақшасына, гирлер оң жақтағы табақшасының дәл ортасына салынады.

4. Гирлерді ластанудан сақтау үшін жалаң өзін стол үстіне қоюға болмайды. Гирлерді пинцетпен ұстап, өзіне сәйкес келетін қорап ұяшықтарына орналастыру керек.

5. Өлшеуге қажетті ұсақ гирлерді басқа таразының ұсақ гирлер салатын қорабынан алуға болмайды. Егер заттың салмағын теңестіруге алынған қораптағы ұсақ гирлердің біреуі не бірнешеуі жетіспесе, онда өлшеу реттілігінің дұрыс сақталмағандығы.

6. Зертханалық жұмыс барысында алынған затты бірнеше рет өлшеу қажет болса, тек бір таразыда ғана өлшеу ұсынылады.

7. Өлшеуді аяқтағаннан кейін таразыда бөгде заттар қалдырылмауға тиіс.

Жұмыс аяқталғаннан соң таразыны және ұсақ гирлерді тексеріп, таразыны арретирлеп қою тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет