Зертханалық жұмыс №4
Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.
1. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігі
а) Натрий тиосульфаты Na2S2O3 ерітіндісіне (1 н) аздап күкірт қышқылының (2 н) ерітіндісін құйыңдар. Бұлардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде күкірт бөлінеді, оны сұйықтықтың лайлануынан көруге болады. Реакция басталғаннан лайдың түзілуіне дейін кеткен уақыт реакция жылдамдығын көрсетеді.
ә) Үш үлкен пробирка алып, оның біреуіне 5 мл, екіншісіне – 10 мл, үшіншісіне 15 мл сұйытылған (1:200) Na2S2O3 ерітіндісін құйыңыз. Енді осы пробиркалардың біріншісіне – 10 мл, екіншісіне 5 мл дистильденген су қосыңыз. Басқа үш пробиркаға 5 миллилитрден сұйытылған H2SO4 (1 : 200) ерітіндісін өлшеп алып, олардың әрқайсысын ішінде натрий тиосульфаты бар пробиркаларға құйып, секундомермен әрбір пробиркадағы сұйықтықтың лайлануына кеткен уақыт мөлшерін жазып алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |