Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет158/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   273
Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. р-деңгейшеде қанша орбиталь бар?

Шығарылуы.

р-деңгейшелер үшін орбиталь квант санының мәні l=1. Магний квант санының ml мәндерінің саны үшке тең (+1; 0; -1), олай болса р-деңгейшеде үш р-орбиталь (рх, ру, рz) орналасқан.

Мысал 2. Бас квант санының мәні 3-ке тең жағдайда атом орбитальдарының қандай комбинациялары, қандай мөлшерде болуы мүмкін? Үшінші электрон қабатында (деңгей) максимальды мүмкін болатын электрондар саны қанша?

Шығарылуы. Бас квант саны n=3, әр түрлі орбитальдар саны:

l=0, 1, 2 … (n-1); l=0,1,2 және s-, p- және d-орбитальдар.

Орбиталь квант саны l-дің әрбір мәніне сәйкес орбитальдардың саны магнит квант санымен ml=-l … 0 … +l беріледі.

l=0 (s-орбиталь) ml=0;

l=1 (p-орбиталь) ml=-1,0,+1;

l=2 (d-орбиталь) ml=-2,-1,0,+1,+2.

Олай болса n=3 болған жағдайда үшінші қабатта s-орбиталь, үш р-орбиталь (энергиялары бірдей), бес d-орбиталь (энергиялары бірдей) болуы мүмкін (1s, 3p, 5d электрон бұлттары).

Әрбір орбитальда қарама-қарсы спиндерімен бағытталған екі электроннан артық электрон бола алмайтындықтан (Паули принципі), үшінші қабаттағы электрондардың максимальды саны тең:

1·2е+3·2е+5·2е=18e немесе N=2n2

N=2·32=18.

Мысал 3. Бас және орбиталь квант сандарының қосындысы l+n=5 болған жағдайдағы энергетикалық деңгейшелердің электрондармен толтырылу ретін анықтаңыз.

Шығарылуы. Екі квант санының қосындысы 5-ке тең болатын бірнеше комбинациялар жасауға болады:

n+l . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

n . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 4 5

l . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 1 0

Деңгейшелер 3d 4p 5s


n=1, l=4, n=2, l=3 комбинациялары l≤(n-1) шартын қанағаттандырмағандықтан есепке алынбайды.

Клечковскийдің екінші ережесі бойынша деңгейшелердің толтырылу реті 3d4p5s, өйткені бірнеше деңгейше үшін (n+l)-дің мәні бірдей болса, онда электрон алдымен l-дің мәні үлкен деңгейшеде орналасады.

1. L, M, N деңгейлерінде қанша электрон орналаса алады?

2. Бір 2р-орбитальда қанша электрон орналаса алады? Бір 4d-орбитальда ше? Бір 4f-орбитальда ше?

3. Бас квант саны n=2 болған жағдайда оған қандай және қанша атомдық орбитальдардың комбинациясы сәйкес келеді? Осы орбитальдардың кеңістіктегі пішінін графиктік түрде көрсетіңіз.

4. Квант сандарының жиынтықтарының қайсылары атомдағы электронның күйін толық сипаттай алады?

1) n=2, l=1, ml=0;

2) n=3, l=0, ml=1;

3) n=2, l=2, ml=1;

4) n=3, l=2, ml=-1;

5. Бас және орбиталь квант сандарының қосындысы (n+l) 6,7,8 сандарына сәйкес келетін деңгейшелердің электрондармен толтырылу ретін көрсетіңіз.

6. Ядро заряды: а) 8; ә) 13; б) 18; в) 23; г) 53; д) 63; е) 83 тең элемент атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз.

7. Төртінші энергетикалық деңгейде максимальды электрон саны 32-ге тең екендігін дәлелдеңіз.

8. Көміртек атомының қалыпты және қозған күйдегі электрондық формулаларын жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет