Атом ядросының құрылысы
Нейтрондар ашылғаннан кейін совет ғалымдары Д.Д. Иваненко, Е.Н. Гапон ядро құрылысының протондық-нейтрондық теориясын ұсынды. Бұл теория тұрғысынан қарағанда атом ядросы п р о т о н д а р мен н е й т р о н д а р д а н тұрады. Протонның массасы 1 м.а.б., ал заряды +1 тең. Нейтрон – массасы шамамен протон массасына тең зарядсыз бөлшек. Протондар мен нейтрондар – ядроның екі түрлі күйдегі қарапайым бөлшектері.
Атом ядросының қасиеттері оның құрамындағы протондар мен нейтрондардың санына байланысты. Ядродағы протондардың немесе оң зарядтардың саны периодтық жүйедегі сол элементтің реттік нөміріне тең болады.
Атом ядросының қасиеттерін сипаттайтын екінші жағдай – ол оның массалық саны (А).
Ядроның массалық саны А, оның құрамына кіретін протондар (р) мен нейтрондар (п) санының қосындысына тең: А=Nn+Np.
Ядродағы протондар саны элементтің реттік нөміріне тең, ал нейтрондар саны массалық А сан мен протондар санының айырмасына тең: Nn=А – Np. Мысалы, калий элементінің ядросындағы протондар мен нейтрондар санын табу үшін оның периодтық жүйедегі реттік нөмірін анықтайды. Калийдің реттік нөмірі 19, яғни протондардың саны да 19-ға тең. Нейтрондардың санын табу үшін оның массалық санынан (39),протондар санын 19) алып тастайды. Nn=А – Np=39 – 19=20. Калийдің нейтрондарының саны 20-ға тең.
Атом ядроларын белгілеу үшін элементтің химиялық таңбасының сол жақ төменгі жағынан оң зарядтардың санын, ал сол жақ жоғары жағынан массалық санын көрсетеді, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |