Пәннің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Студенттерді бейорганикалық химияның теориялық білімдерімен қаруландыру, алған білімдерін химияның басқа салаларына және практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуге тиісті
Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын, сол заңдардың негізінде әр түрлі есептеулер жүргізе білу.
Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын меңгерту.
Менделеевтің периодтық заңы және оның қазіргі кезеңдегі маңызы.
Химиялық байланыс, оның түрлері, әр түрлі молекулалардағы байланыстардың пайда болу табиғатын түсіндіру.
Химиялық процестердің жалпы заңдылықтары және оларды химиялық тенологиядағы әртүрлі процестерге қолдана білу.
Ерітінділер, олардың концентрациясын белгілеу, әр түрлі концентрациялы ерітінділер дайындауға есептеулер жүргізу.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары, тотығу дәрежесін таба білу, электрондық, иондық-электрондық баланс әдісі бойынша теңдеулер құрастыру.
Электрохимиялық процестер, гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін анықтау әдістерін меңгеру. Электролиз заңдарын практикада қолдана білу.