|
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
|
бет | 129/189 | Дата | 18.11.2022 | өлшемі | 5,26 Mb. | | #51172 |
| Байланысты: химия дәрістерСудың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.
Қайталау сұрақтары.
Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?
Сутектік көрсеткіш (рН) қалай анықталады? Реакцияның ортасын анықтау үшін (сілтілік орта болса да) рН шамасын білу жеткілікті. Неліктен?
рН + рОН = 14 екендігін дәлелдеңіз.
Қышқылдық, бейтарап және сілтілік ортада сутек иондары мен гидроксид – иондардың концентрациясы қандай болады?
Мысал 1. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісінің рН есептеңіз.
Шығарылуы. HCl толық диссоциацияланғанда сутек иондарының концентрациясы берілген ерітіндінің молярлық концентрациясына тең болады:
HCl H+ + Cl-
0,001 0,001 0,001
рН = -lg[H+] = -lg 0,001 = -lg 10-3 = -(-3) = 3.
Мысал 2. Концентрациясы 0,001 моль/л Н2SО4 сулы ерітіндісінің рН анықтаңыз.
Шығарылуы. Н2SО4 молекуласы диссоциацияланғанда екі Н+ катионы түзіледі:
Н2SО4 2Н+ + SО42-, олай болса [H+] = 2∙0,001 = 0,002 моль/л;
2∙0,001 0,001
рН = -lg[H+] = -lg 0,002 = -lg 2∙10-3 = -lg 2 – lg 10-3 = -0,3 – (-3) = 2,7.
Эквиваленттің молярлық концентрациясы Ceq(H2SO4)=0,001 моль/л H2SO4 ерітіндісінде [H+]=0,001 моль/л; pH=3 болатынына көңіл аударыңыз.
Мысал 3. Концентрациясы с(NaOH) = 0,001 моль/л NaOH ерітіндісінің рН анықтаңыз.
Шығарылуы. ОН- иондарының концентрациясы ерітіндінің молярлық концентрациясымен бірдей болады:
NaOH Na+ + OH-
0,001 0,001 0,001
Ерітіндінің рН-ын екі түрлі жолмен есептеуге болады:
[H+] [ОH-] = 10-14 (250С) болғандықтан, рН=-lg[H+] = -lg 10-11 = –(-11) = 11.
рН + рОН =14. рОН=-lg[ОH-]= -lg 10-3= –(-3)=3. рН=14 – рОН= 14–3 = 11.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|