Мысал 2. [Нg(CN)4]2- кешеніндегі орталық атом орбитальдарының будандасу типін анықтаңыз. Кешеннің геометриялық пішінін атап, суретін салыңыз.
Жауабы: sp3-будандасу,
тетраэдр.
Мысал 3. [Fе(C2О4)3]3- октаэдрлік кешеніндегі байланыстар түзілуінің энергетикалық диаграммасын құрып (лигандтар өрісі әлсіз), орталық атом орбитальдарының будандасу типін көрсетіңіз.
Берілгені:
Fе+ІII+3C2О→[Fе(C2О4)3]3- Fe+III=[Ar] 3d54s04p04d0 (акцептор)
C2О= L(донор 2е2)
6δ-байланыс Fe – ½L
Шығарылуы:
1. Хромның кешенді қосылыстары берілген:
[Cr(H2O)6]Cl3; [Cr(H2O)5Cl]Cl2; [Cr(NH3)6]·[Co(CN)6]; [Co(NH3)6]·[Cr(CN)6].
Қай заттар изомер екендігін тауып, изомерияның типін анықтаңыз.
2. Жалпы формуласы Co(NH3)5SO4Br екі изомердің біріншісі күміс нитратымен әрекеттескенде тұнба түзіледі, ал екіншісімен түзілмейді, ал бірінші изомерге барий хлоридімен әсер еткенде тұнба түзілмейді де, екінші изомермен тұнба түзіледі. Осы заттардың электрөткізгіштігін өлшегенде әрбір изомер ерітіндіде екі ионға диссоциацияланатыны байқалған. Әрбір изомердің координациялық құрылымын анықтап, изомерияның түрін атаңыз.
3. Берілген кешенді иондардың құрылымдық формулаларын жазыңыз:
[Co(C2О4)3]3-; цис-изомер [Pt(en)2(CN)2]2+; транс-изомер [Cr(NH3)2Cl2]+; [Mn(CN)6]4-.
4. Кобальттың екі аммиакатының түстері әртүрлі: біреуі – жасыл, екіншісі – күлгін. Екі ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшегенімізде, изомерлердің әрқайсысы екі ионға диссоциацияланатыны байқалды. Жалпы формуласы CoCl3·4NH3 изомерлердің координациялық формулаларын жазып, изомерияның түрін анықтаңыз.
5. Берілген кешенді иондардың кеңістіктік конфигурациясын анықтаңыз:
а) [BeF4]2-; ә) [AlF6]3-; б) [ClF2]-; в) [ICl4]-.
6. Кешенді иондардың геометриялық құрылымын анықтаңыз.
Лигандтармен байланысуға кешентүзуші ионның қандай типтегі будандасқан (гибридтелген) орбитальдары қатысады: а) [CoCl4]-; ә) [MnCl4]2-; б)[FeCl4]-; в) [Pt(NH3)4]2+ - диамагнитті; г) [PdCl4]2- - диамагнитті; д) Cu[(NH3)4]2+; е)[AuCl4]- – диамагнитті; ж) [NiF4]2- – парамагнитті?
7. Берілген кешенді иондардағы кобальттың электрондық конфигурациясы қандай:
1) [Co(C2O4)5]3- – парамагнитті; 2) [Co(NH3)6]3+ – диамагнитті; 3) [CoF6]4- – парамагнитті?
8. Берілген диамагнитті кешендерде лигандтармен байланысқа платинаның қандай типтегі будандасқан орбитальдары қатысады? 1 жағдайда кешенді иондар жазық квадрат пішінде, ал 2 жағдайда октаэдр пішінде екендігі белгілі.
1) [Pt(NH3)4]2+; [Pt(NH3)2Cl2;
2) [Pt(NH3)6]4+; [Pt(NH3)2Cl4]; [PtCl6]2-.
9. Берілген кешенді иондарда δ-байланыстардың түзілуі орталық атомның қандай орбитальдарының қатысында іске асады: [Mn(CN)6]4- (әлсіз өріс) және [Mn(NH3)6]2+ (күшті өріс)? Бұлардың қайсысы «сыртқы орбитальдық», қайсысы «ішкі орбитальдық»?
10. Кешенді иондардағы орталық атомның электрондық конфигурациясын жазыңыз: 1) [Ғе(CN)6]3- және 2) [Ғе(CN)6]4-. Егер бірінші кешен парамагнитті, ал екінші – диамагнитті болса, лигандтармен δ-байланыстар орталық атомның қандай орбитальдарының есебінен пайда болады?