Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет95/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Зертханалық жұмыс №9.
Кешенді қосылыстар.



  1. Кешенді катиондар

а) Пробиркадағы 1–2 мл күміс нитраты ерітіндісіне ас тұзы ерітіндісін құйыңыз. Оның үстіне аммиак ерітіндісін құйып, ерімтал кешенді қосылыстың [Ag(NH3)2]Cl түзілуіне байланысты тұнбаның еруін бақылаңыз. Тұнба мен кешенді қосылыстың түзілу реакциясының теңдеулерін жазыңыз.


ә) Пробиркадағы 1–2 миллилитр Zn2+, Cu2+ және Cd2+ тұзының ерітінділеріне алғаш түзілген тұнбалар ерігенше аммиактың судағы ерітіндісінің артық мөлшерін құйыңыз. Zn, Cu және Cd координациялық сандарына назар аударып, реакция теңдеулерін жазыңыз және кешенді қосылыстарды рационалды номенклатура бойынша атаңыз.

  1. Кешенді аниондар

а) Сынап (ІІ) нитраты ерітіндісіне 2 мл калий йодиді ерітіндісін тамшылатып құйыңыз. Алғаш түзілген тұнба HgJ2 (түсі қандай?) еріп кеткенше калий йодидін құя беріңіз. Кешенді қосылыстың K2[HgJ4] түзілуін ескеріп, реакция теңдеуін жазыңыз және қосылыстың атын атаңыз. Калийдің тетраиодомеркуроаты кешенді қосылысының ерітіндісіне KOH ерітіндісін құйыңыз. Бұл ерітінді Несслер реактиві деп аталады және аналитикалық жолмен аммиакты анықтауда қолданылады. Несслер реактивіне тамшылатып аммиак NH3 ерітіндісін құйыңыз, ерітіндінің түсіне, тұнба түзілуіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз. ә) Кадмий не сынап (ІІ) тұзы ерітіндісіне аздап натрий сульфиді ерітіндісін құйыңыз. Алғаш түзілген тұнбаны реактивтің артық мөлшерінде ерітіңіз, құрамы Me2+ [Me2+(SO3)2] кешенді қосылыс түзіледі. Кешенді қосылыс түзілгендігіне күйдіргіш натрмен әсер ету арқылы көз жеткізуге болады. Кешенді қосылыстың түзілу реакциясының теңдеуін жазыңыз.


б) 1–2 мл хлор темір (ІІІ) ерітіндісіне 2–3 мл натрий фториді ерітіндісін құйып сарғыш түстің жойылуын байқаңыз. Кешенді анион [FeF6]3– түзілуін еске алып, реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Қосылыстың атын атаңыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет