Бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары



бет1/11
Дата14.10.2023
өлшемі398,38 Kb.
#113788
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция -2


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ

Материя қозғалысының химиялық формасымен танысу заттар туралы және олардың өзгерістерінің жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіншілік береді. Химияның әр тарауы біздің дүние танымымызды кеңейтеді.


«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбы олардың өзара байланыстарын көрсетеді (бір генетикалық қатар ішінде және қарама-қарсы қатар арасында).
Заттар қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына тәуелді екендігін көрсетеді. Бұл тараудан философияның «Сан өзгерісінің сапа өзгерісіне айналуы», «Қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігі», «Бекерді-бекерге шығару», сияқты философиялық заңдардын терең түсіндіруге көптеген мысалдар табылады. Металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарын пайдалану арқылы кез келген бейорганикалық қосылыстардың алыну тәсілдері мен химиялық қасиеттері туралы болжау айтуға болады.

§ 1 Оксидтер



Оксидтер деп молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болып келетін (тек оттек атомдары бір-бірімен байланыспауы тиіс) күрделі затты атайды.
Н-О-О-Н ( ) - сутектің пероксиді Na – О – O – Na ( )натрий пероксиді, бұл заттар оксидтер класына жатпайды.

Графикалық формуласын жазу үшін (алгоритм):
а) элемент валенттіліктерін анықтау керек:

ІІІ ІІ


Al2O3
ә) егер оттек атомының саны тақ болып, оксид түзуші элемент атомы еселеніп келсе, оттек атомдарының бірі оксид түзуші элемент атомдары арасына келіп түседі:
= Al – O – Al =
б) жетіспеген оттек атомдарының санын екіге бөліп, екі элемент атомымен қос байланыс арқылы байланыстыру қажет:

O = Al – O – Al = O


в) формуланың дұрыстығын әр элемент атомына келген сызықтар санын санау арқылы тексеруге болады (сызықтар элемент валенттіліктерін көрсетеді).

Оксидтердің аталуы. Егер оксид түзуші элемент тұрақты валенттілік көрсететін болса, оксид түзуші элемент атына «оксид» деген сөзді қосып атайды, ал элемент айнымалы валенттілік көрсетсе, оның валенттілігі рим цифрымен жақша ішінде жазылады.
Мысалы: Na2O – натрий оксиді,Al2O3 – алюминий оксиді
CO – көміртек (ІІ) оксиді, CO2 – көміртек (ІV) оксиді
Оксидтер алдымен екіге бөлінеді: тұз түзетін және тұз түзбейтін (N2O, CO, NO). Ал тұз түзетіндер үшке бөлінеді:
Ол үшін сіздердің орта мектепте алған білімдеріңізге сүйеніп, мына төменде келтірілген жәйттер есте болуы керек:
а) периодтық жүйенің әр периодының басында типтік металдар, ал соңында типтік бейметалдардың орналасатыны;
ә) негізгі топша (А) элементтері үшін: топ бойынша жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің біртіндеп артатыны;
б) қосымша топшадан (В) тек металдардың орналасатыны;
в) негізгі топшада (А) орналасқан элементтердің қосылыстарында көпшілігі тақ топтағысы – тақ валентті, жұбындағы – жұп валентті болуы;
г) қосымша топша элементтері қосылыстарында тек оң тотығу дәрежесі +2 ден топ нөміріне дейін (көпшілігі) көрсетуі мүмкін.
е) элементтердің қосылыстарындағы жоғары тотығу дәрежесі негізінен топ нөмірімен анықталады.
I Негіздік оксидтерге жататындар:
1) сілтілік металдар (IA) оксидтері
2) сілтілік- жер металдарының (II-A – бериллийден басқасы) оксидтері
3) барлық қосымша топша элементтерінің төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес
оксидтері (мырыш оксидінен басқа)
II Екідайлы оксидтерге жататындар:
1) металдар мен бейметалдарды бөліп тұратын элементтерді өтпелі
элементтер деп атайды. Периодтық жүйеде берилийден астатқа
дейін, шартты түрде сызылған сызық бойындағы негізгі топша
(А) элементтердің: Be, AI, Ge(II), Sb(III) оксидтері.
2) II. 1-де көрсетілген шартты сызық астындағы негізгі топша (А)
элементтерінің төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
3) барлық қосымша топша элементтерінің аралық валенттіліктеріне
сәйкестері жатады.

III Қышқылдық оксидтерге жататындар:


1) бейметалдардың (сутек және инертті газдардан басқа) периодтық жүйеде II.1- де келтірілген шартты сызық үстіндегі негіздік топша элементтерінің оксидтері.
2) II.1 және II.2 пунктіндегі элементтердің жоғары тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
3) барлық қосымша топша элементтерінің жоғары тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
Қосымша топша элементі (Мn) оксидтерін қарастырайық:

(4 период 7-В топшасының элементі)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет