Мысал 2. Бірінші мысалда көрсетілген реакциялардың қайсылары стандартты жағдайда өздігінен жүре алады?
Шығарылуы. Есептің сұрағына жауап беру үшін берілген реакциялардың изобара-изотермиялық потенциалын немесе Гиббс еркін энергиясын (∆G0298) есептеу керек. ∆G – жүйе күйінің функциясы, олай болса,
∆ G0 = ∑∆ G0(өнім) - ∑∆ G0(әуелгі заттар).
Кестеден қосылыстардың түзілу G0298 тауып, әрбір формуланың астына жазамыз да, (1-4) реакциялардың G0298 табамыз:
NH4NO3(қ) → N2O(г)+ 2H2O(г)
72,12 -131,4 -155,44
∆ G4 = -155,44 – (77,12 – 131,4) = -101,12 Дж/моль·К.
Осы есептеулерге сүйеніп, 1 және 2 реакциялар стандартты жағдайда өздігінен жүреді, ал 2, 3 реакциялар жүре алмайды деп айта аламыз.
Мысал 3. Реакцияның (1-4) бағытына температураның әсері қандай?
Шығарылуы. Еркін энергияның өзгеруі берілген процестің энтальпиясы мен энтропиясының өзгеруіне байланысты екендігін ∆G =∆Н - Т∆S теңдеуінен көруімізге болады.
Реакциялардағы (1-4) ∆S пен ∆Н белгісін (-) немесе (+) біліп, стандартты және басқа температурада энтальпиялық және энтропиялық факторлардың процестің бағытына ықпалын байқап көрейік:
NH4NO3(қ) → N2O(г)+ 2H2O(г)
∆H<0, (есептеп көріңіз), ∆S>0, ∆G<0; кез келген температурада тура реакция өздігінен жүре алады.
N2 + 2O2 = 2NO2
∆H>0, (есептеп көріңіз), ∆S<0, ∆G>0; кез келген температурада тура реакция өздігінен жүре алмайды.
FeO(қ) + H2 = Fe(қ) + H2O(г)
∆H>0, ∆S>0, ∆G>0; төменгі температурларда реакция жүрмейді, жоғары температураларда. |Т∆S| > |∆H| болған жағдайда реакция жүреді.
Ag+(ер) + Cl-(ер) = AgCl(қ)
∆H<0, ∆S<0, ∆G<0; тура реакция төменгі температураларда өздігінен жүре алады.