23. Мына қышқылдардың қайсысы күштірек? 1. H2CO3 2. H2SO3 3. H3PO4 4. H2SO4 5. H2S
24. Қышқыл немесе негіздің аздаған мөлшерін қосқаннан рН өзгермейтін ерітінді былай аталады: 1. қышқылдық
2. сілтілік
3. нейтралдық
4. буферлік
5. әлсіз негіздік
25. Генри заңының дұрыс тұжырымдамасын көрсетіңіз: 1. қысымның көлемге көбейтіндісі тұрақты шама болып табылады, PV=const
2. екі араласпайтын сұйықтардағы еріген заттардың концентрацияларының қатынасы тұрақты шама болап табылады, K=C1/C2 3. сұйықтағы газдың ерігіштігі ерітінді үстіндегі газ қысымына пропорционал, C(r)=kP(r) 4. бейэлектролиттердің сұйытылған ерітіндісіндегі еріткіш бу қысымының төмендеу еріген заттың мольдік үлесіне тең, p0-p/ p0=NB, m0-m/m0=NB 5. аз еритін қосылыстың судағы ерігіштік көбейтіндісі тұрақты өлшем болып табылады.
26. Заттың суда ерігіштігіне әсер ететін факторларды көрсетіңіз: 1. ерітіндідегі беттік керілу күші
2. тығыздығы
3. сыну коэффициенті
4. еритін заттың табиғаты мен қасиеті, сонымен қатар температура және қысым
5. диссоциациялану дәрежесі
27. «Ерітіндінің молярлығы» ұғымының анықтамасын көрсетіңіз: 1. 1 л ерітіндідегі заттың моль санымен анықталатын ерітінді концентрациясы
2. 1 л ерітіндідегі заттың гмоль мөлшерімен анықталатын ерітінді концентрациясы
3. 100 г ерітіндідегі заттың г мөлшерімен анықталатын ерітінді концентрациясы
4. 1 кг еріткіштегі заттың массасымен анықталатын ерітінді концентрациясы
5. 1 кг еріткіштегі заттың гмоль мөлшерімен анықталатын ерітінді концентрациясы
28. Мына молекулалардың ішінен электролит емес молекуланы көрсетіңіз: 1. Na3PO4 2. HgCI2 3. BeCI2 4. C2H5OH
5. AgCI