Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ



бет65/189
Дата19.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#119246
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

9. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ.


Дәріс жоспары

1. Электролиттер мен бейэлектролиттер.


2. Электролиттік диссоциация теориясы.
3. Күшті және әлсіз электролиттер.
4. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.
5. Иондық алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі.
6. Кешенді иондардың диссоциациясы.


Электролиттер мен бейэлектролиттер

Барлық заттарды олардың ерітіндідегі өткізгіштігі бойынша екі топқа бөледі:







Электролиттік диссоциация теориясы

Электролиттердің ерітіндісі мен балқымаларында әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды.


Диэлектрлігі жоғары ортада (су, спирт т.б.) иондарға ыдырайтын заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттердің молекулалары суда ерігенде зарядталған бөлшектерге иондарға ыдырайды. Бұл құбылыстарды электролиттік диссоциация дейміз.
Қышқылдардың, гидроксидтердің сулы ерітінділерінің қасиеттері, олардың қандай иондарға диссоциацияланатындығымен анықталады. Қышқылдардың жалпы қасиеттері қышқыл ерітінділерінде бола алатын сутек иондарының, ал сілтілік қасиет гидроксил иондарының болуына тәуелді. Диссоциацияланғанда әрі сутек, әрі гидроксил иондарын түзетін электролиттер амфолиттер деп аталады. Амфолиттерді қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесіп, тұз түзуге қабілетті келетін электролиттер деп қарастырамыз.
Көп негізді қышқылдар мен сілтілер әдетте сатыланып диссоциацияланады. Сатыланып диссоциациялану нәтижесінде қышқылдық және негіздік тұздар түзіледі.


Күшті және әлсіз электролиттер

Барлық заттардың молекулалары үшін иондарға ыдырау қабілеттілігінің бірдей болуы мүмкін емес, өйткені әртүрлі зат молекуласындағы химиялық байланыстар бірдей емес. Электролиттік диссоциация процесінің қайтымдылығы салдарынан кез келген электролит ерітіндісінде тепе-теңдік күйі орын алады: бірдей уақыт бірлігінде қанша молекула ыдыраса, сонша әртүрлі зарядталған иондар қосылып молекулалар түзіледі.


Мұндай тепе-теңдік күйдің сандық сипаттамасы диссоциация дәрежесі болмақ. Диссоциация дәрежесі α деп иондарға ыдыраған молекулалар санының (Nдис ) ерітіндідегі жалпы молекулалар санына (Nжалпы) қатынасын айтады:

Диссоциация дәрежесі – өлшемсіз шама; оны пайызбен (%) немесе бірлік үлесімен өрнектейді. Электролиттерді α мәні бойынша былай бөледі:
а) егер α>30% болса, онда электролит күшті болады. Оларға барлық дерлік ерімтал тұздар, күшті қышқылдар (HC1, HBr, HJ, НNО3, Н24 (сұйыт.), HClО4) және сілтілер (LiОH, NaОH, Ва(ОН)2, КОН) жатады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет