Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда

Ұйымдастыру әдістері
– 
салыстыру әрқандай топты , жасы, қызметі т.б. бойынша 
салыстыра зерттеу, комплекстік- зерттеуге әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір 
объектіні жан –жақты әр құралдармен зерттеу, лангитюд- бір адамды не адамдар тобын 
ұзақ уақыт аралығында қайтала зерттеу. 
Эмпирикалық әдістер
– 
бақылаумен өзіңдік бақылау, эксперимент (лабораториялық, 
табиғи, қалыптастырушы), психодиагностикалық әдістер : психологиялық болжау, 
тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет 
өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.
 
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (
статистикалық) және сапалық (алынған 
материалды топқа жіктеу ) талдау әдістері. 
Интерпретациялық әдістер
: генетикалық, құрылымдық. 
Сондай –ақ 
реттеу түзету әдістеріне
: аутотрениг, топ тренигі, психотерепиялық 
ықпал ету әдісі, оқу –үйрету әдісі. 
Өзіндік бақылау сұрақтары. 
1.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні, міндеттері. 
2.
Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.(қысқаша щолу). 
3. 
Жас ерекшелігі психологиясының тармақтарын атаңыз? 
4. Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдарына сипаттама беріңіз? 
5.Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. 
 
Тақырып 2. Психикалық дамудың заңдылықтары. 



Биологиялық және әлеуметтік факторды адам психикасының дамуындағы маңызы. 
Бала дүниеге келгеннен бастап дамудың кезендерінен өте бастайды. Даму процесі өте 
күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы 
зандылықтары қалыптасқан. 
Даму процесі
-
адамның организміндені сандық және сапалық өзгерісте болады. 
Сондықтан да даму процесі -өте күрделі, ұзақ, ішкі және сыртқы қайшылықтардан 
тұратын процесс болғандықтан біздін организміздегі өзгерістер өмір бойы болып 
жатады. Адамның рухани дүниетанымы мен физиологиялық тұрғыдан дамуы бала кезде 
және жеткіншек шағында интенсивті түрде өзгереді. 
Психикалық даму, ең алдымен, ақыл-ойының дамуына, жеке басының 
қалыптасуымен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік жағдайларға байланысты 
оның мінезінде әртүрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады. 
Сонымен, психикалық дамуды әр түрлі теориялар қарастырды. Мәселен, 
психикалық дамудын 
биологизаторлық 
(биологиялық) теориясы 19 ғ аяғында 20 ғ 
басында Европа, Америка елдерінде пайда болды. Биологизаторлық бағыттың өкілдері 
бала өмірі туа біткен ерекшеліктерге байланысты деген пікірде болды. Биологизаторлық 
теория бойынша психикалық дамудың қозғаушы күштері тұқымқуалаушылық. 
Осы уақытта биологизаторлық теорияға қарама-қарсы 
социологизаторлық 
(әлеуметтік) теория дамыды. Бұл теорияның мәні жеке адамның дамуы әлеуметтік 
ортаның тікелей әсер етуінің нәтижесінен орта қандай болса, бала сондай болады. 
Психикалық дамудың қозғаушы күші туралы мәселелерді шешудегі факторлық 
шектеулігі. Қарастырылған теориялар психикалық дамудың негізгі факторларын бір 
жақты көрсетеді (биологиялық және әлеуметтік) жәнеде метофизикалық тұрғысынан – 
дамуды сапалылық өзгеру түрінен емес сандық көбейю деп қарастырды. 
Биологизаторлық (биогенетикалық) және социологизаторлық (социогенетикалық) 
бағыттын шектеулігі жеке бастың белсенділігін ескермеу болып табылады. 
Қазіргі психологиядағы, бала дамуында әсер ететін екі фактор – биологиялық және 
әлеуметтік – деп есептейтін ғалымдар құрайды. Бірақ оның әрқайсысына орын табу, ең 
бастысы өсіп келе жатқан адамның дамуындағы тұтас процесте олардың өзара әрекетін 
ашуға ғалымдардың осы кезге дейін қолы жетпеді. Алдымен талаптанғанның бірі – неміс 
психологі В.Штерн «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет