Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
үйлесімді
»іске асырды.Ол бұл негізгі факторлардың әрқайсысы 
автономиялы әрекет ететінін көз алдына елестетті, бірақ бір жерде олардың ықпалы 
қосылып, олардың конвергенциясы өтеді, содан кейін биологиялық және әлеуметтік 
себептер біріге отырып әрекет етеді. Талас та күрделі мәселені бұлай шешуді 
қанағаттанарлық деп мойындауға болмайды. Қайда, қашан және қандай себептер 
ықпалымен конвергенция өтті, бұл біртұтас процесте әр фактор қалай әрекет етті және 
олар бір –біріне қалай өзара әрекет етті дегендер белгісіз болып қалады. Демек, екі 
фактор конвергенция теориясын біржақтылықпен көрсетеді.
Психолог Л.С. Выготскийдің еңбегіндегі бала психикасының қозғаушы күштері 
мәселелері (1896-1934).Белгілі орыс психологі бала дүниеге келген сәттен ақ әлеуметтік, 
қоғамдық тіршілік иесі болып саналады деп көрсетті. Өсіп толысуы үшін баланың ересек 
адамдармен қарым – қатынасқа түскенінің зор маңызы бар. Олардан өмірге қажетті 
біліммен тәжірбие алады. Айналасындағылармен қатынаста болу процесіне балада 
адамдарды қажет етіп тұру тілегі қалыптасады, ал мұның өзі жан –жақты дамуының аса 
маңызды қайнар көзі болып табылады. Балаға қоғаммен айналасындағылар үйлесімді 
әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл әрқашанда бола бермейді, бұл ықпалдын арасында кейбір 
жеке сәйкессіздіктерде, қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. 
Егерде, біз өз
 
халқымыздың көрнекі ақын, ұстазы Мағжан Жұмабаевтың іліміне зер 
салсақ, адам баласы туралы былай дейді. «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен 
салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, осал болып туады малдың төлі туа сала 
аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам 
баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, ісі жоқ. денесі тым әлсіз. өсуі, 



ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей адам баласы осылай, өте әлсіз боп туып, аса 
сараң өсетіндігінен оның денесіне, жанына азық берік, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны 
тәрбие қылмай болмайды»-деген екен. Қазақ халқы –ертеден жалғасып келе жатқан 
тарихы бар. Өзіңдік -әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни наным –сенімі бар халық. Сондықтан 
да ата бабамыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгені де белгілі. 
Психикалық дамудың шарты, қайнар көздері, қозғаушы күштері ұғымдарына 
тоқталсақ. Кеңес үкіметінің психологтары психикалық дамудын қозғаушы күштері 
мәселесін қарастырады. Олар негізгі үш ұғымды бөліп қарастырады. Даму шарты , 
психикалық дамудын қайнар көзі, психикалық дамудын қозғаушы күштері. 
Биологиялық фактор дамудын 
шарты 
болып саналады. Себебі тұқым қуалаушылық 
арқылы бала адамдық ерекшеліктерді алады. Нерв системасының құрылымы, бас 
миының, сезім органдарының құрылымы, адамға тән дене белгілері, тік жүруі, қоршаған 
ортамен қарым-қатынас жасауға түсетін танымдық әрекет жасайтын қол, сөйлеу 
аппаратының құрылымы т.б. беріледі. Бірақта баланың туғандағы ерекшеліктерінің бәрі 
тұқым қуалаушылық емес, ол туа пайда болған физиологиялық ерекшеліктер, тұқым 
қуалаушылық арқылы берілетің функциялар психикалық дамудын кейбір жақтарына ғана 
әсер етеді. Адам, жеке адам болып әлеуметтік ортаның әсерінен қалыптасады. Жануарлар 
жүріп тұрудың үлгісін тұқым қуалаушылық арқылы алса, адамдар ұрпақтарына 
жинақталған тәжирбие материялдық түрінде (үй, құрал сайман, рухани байлық, тіл, 
мәдениет түрінде) қалдырады. Әр адам мәдениетті игеру керек құрал сайманды қалай 
пайдалану керектігін, кітап оқуды үйренуі тиіс. Міне осындай меңгерулер барысында 
психикалық қасиеттерге ие болады. (Ойлау, сөйлеу). Адамдармен қарым-қатынас 
жасамаса психика дамымайды. Сонымен әлеуметтік орта психикалық дамудың 
қайнар 
көзі
болып табылады. Психикалық дамудың қозғаушы күші – 
қарама –қайшылық

Қарама – қайшылықтардың күресі баланың өзінің белсенділігі нәтижесінде шешіледі.
Белсенділік дегеніміз не? 
Белсенді 
– 
деп тегінде субектінің іс - әрекеті үстіндегі 
күйін, іс - әрекетін айтады. Әрекет ұғымына белсенділікті қолдануға болмайды, өйткені 
әрекет қалайда жеке бастын белсенділігі. Алайда, қарама – қайшылықты адам іздеп 
немесе ойлап таппайды, ол өзгерістің қажеттілігінің салдарынаң туындайды, акдамның 
әр-бір қадамында кездесіп отырады. Қарама-қайшылықтын ішкі және сыртқы екі түрі 
бар. Ішкі қайшылықтар адамның ішкі дүниесінің қайшылықтары болып табылады. Адам 
өзінің еркіне қарсы іс-әрекет жасаған кезде ішкі қайшылықтар пайда болады. Сыртқы 
қайшылықтар адамнын басқа адамдармен, табиғатпен қарым-қатынасында байқалады. 
Адамның саналы қызыметінің негізгі манызы оның адам баласы дамуында негізгі 
фактормен жағдай бола алатындығында. Өзінің әр қилы іс-әрекетінде бала басқа 
адамдармен үнемі қарым-қатынаста болады. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым-
қатынас орнатуы баланың қарым-қатынасты меңгеруге ықпал етеді. Оның тілінің 
дамуына жағдай жасайды. Ересектер баланы тәрбиелеп, оқыту арқылы, оның іс-әрекетің 
ұйымдастыруға бағыттайды.
Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. 
Организмнің маторлық функциясына ғана тәуелді қозғалысқа қарағанда әрекеттің 
әлеуметтік сипаты болады. Ол алдынғы ұрпақ және баланы қоршаған орта жасаған 
заттарға байланысты келеді. Әрекеттің ең қарапайым түрі-зат арқылы жасалатын әрекет. 
Мәселен бала тамақты қасықпен ішуді, қолды сабынмен жууды орамалға сүртуді 
үйренеді. әрекет түрі адам өз қолымен жасаған заттардын құрылымынан туындайды. 
Келесі қадам – рольді ойынға көшу. Балаға дербестік көрсете бастайды ол өзінше үлкен 
болуға, онын ролін орындауға, заттар мен оқиғаларға ересектерше билік жүргізуге 
тырысады. Әрекеттің пайда болуы баланы қоршаған ортадан оған қажетті заттын бөлініп 
алынуынан басталады. Сонымен бірге қоғамдық тәжірбиені меңгеру процесінде бала 
өзінің жеке тәжірбиесіне ие болады.
Жаңа іс-әрекеті игеру баланың мүмкіндігін арттырады және жетекші іс әрекеттің 
тың түрлерінің пайда болуы үшін алғы шарт болып табылады. Іс-әрекеттің жетекші 


10 
түрінде баланың басты қажеттіліктері мен құштарлықтары көзге түседі, іс-әрекеттің осы 
түрінде әр жас мөлшеріне ылайық не ғұрлым маңызды қимылдын, психимкалық сапаның 
және жеке бастын қасиетерінің қалыптасуы жүзеге асады. Бірақ баланың іс-әрекеті 
жетекші түрлері мен шектелмейді. Бұлармен қатар іс-әрекеттің басқа түрлері пайда 
болып, олардын әр қайысы баланың психикалық дамуына өз үлесін қосады.
Іс-әрекеттің 
жемісті
деп аталатың түрлерін – сурет салуды өрнектеп құрақ 
құрауды, жапсыруды, құрастыруды игереді. Жүйелі әрі мақсат көздей отырып білімді 
игеруді сипаттайтын оқу мектеп шағында пайда болады. Ал қоғамдық өндіріске 
қатысудын белгісі болып табылатың еңбек негізгі қызыметі.
Баланын психикалық процестері анықталмаған жәнеде дайын күйінде берілмейді. 
Бұл процестер, заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкің емес. Іс-әрекеттің әр-бір түрі 
психикалық сапаны игеруге көмектеседі.
Баланың психикалық дамуында баланың әр даму стадиясында жетекші іс-әрекетке 
ерекше мән беріледі. ( Жетекші іс-әрекетің түсінігі А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эьконин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет