Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Мектепке дейінгі шақтағы кезеңнің жетістіктері



Pdf көрінісі
бет28/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

Мектепке дейінгі шақтағы кезеңнің жетістіктері
. Қоғамдық маңызды және 
қоғамдық бағалы әрекетке қажеттілік. 
Жетекші іс-әрекеті

Сюжетті -рольдік ойын
. Рольдік ойында бала ойын тақырыбына 
сәйкес (өзін ) біреудің орнына қояды. 
Ойынның бала психикасының дамуына әсері
. Ойын баланың психикасында сапалы 
өзгерістер туғызады : онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. 
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек 
негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде 
қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді 
ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың 
қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі 
болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде 
сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынасы ашылып, ол әрбір іс-
әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бір сыпыра 
құқықтарды беретінін біледі.
Егер ойын сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-
қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар 
ойындарнда байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр 
бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және 
өзінің жеке –дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. 
Мектепе дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде 
дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін 
маңызы орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметік белсенділіктің 
табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі.Алайда, бұл 
құбылыс сырттай көріне бермейді,өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе 
аса бір ерекше,өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады. 
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін 
таныту қажеттілігі байқалады.Өзін танту қажеттігі ойындағы статустық рольге 
талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу «идентификация» 
күрделенеді. Демек, ойын бала мінез-құлқына өз ықпалын тигізеді.
Ойынның даму барысында балада, есі, ойлауы, қайта жаңғыртуы, зейін қоюы дами 
түседі. Сондай-ақ тілдік қорынның молаюына көмектеседі. 
Ойын мен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі 
рольді сурет салу, мүсіндеу,аппликация,конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет 
атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже ( сурет, құрылыс) 
алуға бағытталуымен сипатталады. Балалардың іс-әрекет процесі дәл қазіргі сәтте оны 


34 
қызықтырмаған жағдайдың өзін де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау оны 
бірізді жүзеге асыру талап етіледі. Әрине, мектеп жасына дейінгі кішкентайлар өз 
әрекеттерін әзірше мұндай талаптарға бағындыра алмайды. Алғашқы кезде оларда 
нәтижеден гөрі текшелерді орналастыру, саз балшықтың формасын өзгерту, қарындаш 
пайдаланып қағазда із қалдыру сияқты іс-әрекет процесінің өзі қызықтырады. Нәтиже 
алуға деген бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы 
бағыттылықтың қалыптасуына қараай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі 
,психикалық әрекеттер түрлерін игереді, онда эстетикалық тебіреністер мен 
шығармашылық қабілеттер қалыптасады. 
Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалар жкеленген еңбек тапсырмаларын да 
орындауды үйренеді. Еңбектің қарапайым түрлерін игереді. Еңбектің қоғамда алатын 
орны туралы түсініктері қалыптасады. Оқу әркеттерінің де қарпайым элементтерін 
игере отырып балалар үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда 
болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін өзі бақылаудың алғашқы 
дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен , қабылдау, зейін, 
ес,ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары 
талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына 
көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет