36
Кеңестік психология адамның жеке басының шын мәнісіндегі қалыптасуын
мектепке дейінгі шақта пайда болып, дами бастайтын мотивтердің қатар бағынуымен
байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті ауыспалы, бір –бірін күшейтіп
немесе өзара қайшылықта болып бір –бірімен
байланыспайтын жекеленген
мотивтермен емес, негізгі әрі тұрақты түткілер біртіндеп жетекші мән алып, шағын
ситуациялық түрткілерді өздеріне бағындыратын олардың сатылы жүйесімен қозғалу
салына бастайды.Мотивтердің қатар бағынуы эффективті жағымсыз қатынасты саналы
жеңіп, эмоциялық тартымды мақсат жолында ерік күшін жұмсай білумен байланысты.
Мектепке дейінгі шақ бойында көптеген жаңа мотивтер пайда болады. Мотивтер
ретінде іс-әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздігі, іс-әрекеттің өз мазмұны т.б. көрінуі мүмкін.
Тәрбиенің нақтылы жағдайларына қараай атақ құмарыл мотиві, қоғамдық маңыздылық
мотиві немесе іс-әрекеттің мазмұнына қызығу мотві жетекші мотив болуы мүмкін.
Балалар
неғұрлым есейген сайын, олар соғұрлым өздерінің қайсыбір қылықтары
айналадағылардың көз алдында қандай маңызға ие болатынына қарай бағдар ала
бастайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі жаңа орны
оған үлкен дербестік береді. Ересек адамнан бөліне отырып, бала өз құрбыларымен
белсенді өзара қарым-қатынас жасауға кіріседі.Бұл
өзара қарым-қатынастар ойын
үстінде жүзеге асады. Бала өзіне роль алады да белгілі бір әрекеттерді орындауға,
мінез-құлықтың белгілі ережелеріне бағынуға міндетті болады. Бұл әрекеттер ол үшін
тартымсыз болуы және екінші жағдайда мүлдем орындалмай немесе аса үлкен
қиындықпен орындалуы мүмкін. Баланың ерік –жігерін қалыптастырудағы ойынның
маңызы мынады: ойын үстінде ол осы роль бойынша орындауға тиісті қоғамдық және
адамгершілік міндеттерге сәйкес әркет жасауға үйренеді.
Кейінірек балалар құрбыларының ғана емес,сонымен қоа өз қылықтарын да бағалай
алатын болады. Осылайша өзін өзі бағалау дамиды. Өзін- өзі бағалау қабілеті балаға өз
айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға бағдар береді.
Сонымен бірге өзін -өзі
бағалау баланың саналы іс-әркетін дамытудың неғұрлым күрделі жемісі. Балалар
ересектермен тек өздерінің сыртқы іс-әрекеттеріне байланысты емес, сонымен қоса
ішкі күйі мен тебіреністеріне байланысты да қарым-қатынас жасауға тырысады. «
Мен
қуанып
тұрмын»,»мен ұялып тұрмын
» дей бастайды. Ол
қандай тебіреністерді
басынан кешіріп тұрғанын түсінеді.
Өзін -өзі бағалау мен өзіндік сананы
дамыту – метепке дейінгі шақтың негізігі жаңа
құрылымдарының бірі. Өзіндік сана индивидті өзіндік ерекшелігі бар жеке адамға
айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: