Өзіндік бақылау сұрақтары: 1.Мектепке дейінгі жастың психологиялық ерекшеліктері.
2.Ойын – мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші іс-әрекеті. Осы жастағы негізгі
психологиялық жетістіктері.
3.Мектепке дейінгі жастағылардың танымдық өрісінің дамуы.
4.Жемісті іс-әрекет түрлерінің дамуы.
5.Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуы.
6.Мектептегі оқуға психологиялық тұрғысынан даярлау мәселелері..
7. 7 жас дағдарысы.
Тақырып 7. Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері. Анатомиялық –физиологиялық дамуы. Бұл жаста дененің барлық органдары
мен ткандарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы омыртқаның барлық мойын, арқа
бел бүгілістері дамиды. Әйтседе склеттің қатаюы әліде аяқталмайды. Сондықтан
баланың партада дұрыс отыруың көп жаздырып шаршатпауын қадағалау керек.
Бұлшшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық
еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да, олар кең құлашты қимылдар
жасауға қабілетті. Саусақ еттерінің қатаюы 9-11 жаста, білек сүйектерінің қатаюы 10-
12 жаста аяқталады. Мәселен, баланың жазу үстіндегі тапсырманы аяғына дейін
орындай алмауы. Себебі: оның білегі тез талады, өте тез және ұзақ жаза алмайды.
Сонымен қатар 1-3 оқушыларына жазба тапсырманы көп беруге болмайды. Жүрек
бұлшық еттері шапшаң өседі. Ми салмағы артады. әсіресе, маңдай бөліктері өспелі
олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын
қалыптастыруда үлкен роль атақарады. Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы
өзгереді. Тежелу ( ұстамдылықтың және өзін -өзі бақылаудың негізі).
Кіші мектеп жасындағылардың склет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек тамыр
қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері
көбірек тепе-теңдікке ие болады. Екінші сигнал системасы жедел дамиды.
Акселерация – дене және психикалық даму жағынан жедел дамуы.