49
келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан
бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін
адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану
режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір
түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жетеін кезең.
Жыныстың даму жөнінен жігітер мен қыздардың көбі бұл жаста
постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге
қарамастан, жыныстық
толысудың мерзімі ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес.
Оның есесіне
тамақтану сипаттындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік
экономикалық
факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке
физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды.
Кейбір әбден қалыпты
адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды.
Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай
бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: