7 жастағы дағдарыс. Мектепке оқуға қабылданар баланы меттептік юолмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.Олар оқу-тәрбие процесін осы жастын психологиялық ерекшеліктермен қатаң сәйкестікке жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу- тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысыының бала психикасының әсері іс түсіз жойылып кетпейді.
Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектермен қарым-қатынасы кезіндегі қиындықтар мен мінез-құлық ауытқуларын, теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен «теріс қылықтардың көрінісін жұмсартатындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?» деген сұрақтар іздестірілді. Ал психикалық дамуда дағдарыс ролі қаншалықты екендігі аса көп зертелінбеді.
Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру биехевиористік бағыттағы балар психологиясына да тән : «тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар». Бұған қарсы, ТМД, кеңес өкіметі кезеңде Л.С. Выготскийден бастап, дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды. Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оғаш қылықтар арқылы көрінуі бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым –қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі, яғни оң, жағымды жаңа құрылымдардың »келесі беті». Баланың психикалық дамуы диалектикалық процесс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді, ішкі қақатығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт, қайшылықты түрде жүреді.
Психолог Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кейпін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді.
Белгілі балалар психологі Е.Е.Кравцова жас дағдарысының ролін ерекше бағалайды «баланың бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады». Осы дағдарыстың өтуі нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады. (Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер). Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогикалық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланың тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ , алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа толу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдай анық: ол –7 жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екендігі. Сондықтан осы дағдарыс кезеңін «мектеп алды дағдарысы» деп атау орынды.
6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлемдедегі өз орнын түсіне бастайды.Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас.Осы жаңа орынды иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Л.И.Божовичтің пікірінше , 7 жас дағдарысы баланың әлеуметтік «менінің » қалыптасу кезеңі. Өзіңдік сананың өзгеруі- құндылықтар сипатының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұрын аса маңызды болған жағдайлар қазір қосалқылық роль атқарып қалады.