Элитаның әлеуметтік өкілдігіне, сапалы құрамына, кәсіби біліктілігіне және
нәтижелігіне оның рекруттеу, яғни іріктеп алу жүйелерінің
тигізетін ықпалы
зор. Осындай жүйелер мынау мәселелерді шешеді: кім, қалай және кімнен
іріктеп алуды жүзеге асырады, оның тәртібі және өлшемдері қандай,
селектораттың (яғни іріктеуді жасайтын тұлғалардың) шеңбері қандай және
оның іс-әрекеттерінің қозғаушы ниеттері қандай.
Элиталарды рекруттеудің екі негізгі жүйелері бар; гильдиялардың және
антрепренерлік (кәсіпкерлік). Таза түрде олар өте сирек кездеседі.
Антрепренерлік жүйе демократиялық мемлекеттерде басымды болып көбірек
кездеседі, гильдиялар жүйесі -
әкімшілік социализм елдерінде, бірақ оның
кейбір белгілері Батыста, әсіресе, экономика мен мемлекеттік-әкімшілік
саласында кең таралған.
Бұл жүйелердің әрқайсысының өзінің ерекше белгілері бар. Осылай,
гильдиялар жүйесіне мынау белгілер тән:
1) Жабық болуы, биіктеу орындарға талапкерлерді негізінде элитаның
өзінің төменгі сатыларынан іріктеп алу, жоғарыға ақырындап, келе-келе басып
жүру. Мысал үшін күрделі шендік сатыны, қызметтік
иерархияның көптеген
басқыштарынан ақырын биікке қарай жүруді ұйғаратын, келтіруге болады;
2) Іріктеу процесінің институцияландыруының жоғары деңгейі, көптеген
институциялдық фильтрлердің болуы – лауазымды орындарға отыру үшін
формалдық талапнамалар. Бұлар партияға қатысы, жас шамасы, білімі,
басшылықтың берген сипаттамасы туралы талаптар болуы мүмкі;
3) Селектораттың үлкен емес, салыстырмалы түрдегі жабық шеңбері. Ереже
бойынша, оған жоғарыда тұрған басқарушы органның мүшелері ғана немесе
бірінші басшы – үкіметтің, фирманың басы және т.с.с. кіреді;
4) Кадрларды іріктеп алу және тағайындау
басшылардың тар шеңберінде
жасалады, ашық бақталастықтың болмауы;
5) Тіршілік етіп тұрған элитаның типін қайтадан өндіруге беталыс. Бұл
белгі алдағы белгілерлен шығып тұр – көптеген формалдық талапнамалардан,
лауазымды орынға жоғарғы басшылықпен тағайындалу, сонымен бірге осы
ұйымның қатарында талапкердің көптен бері болуы.
Элиталардың іріктеп алуының антрепренерлік жүйесі көр жағынан
гильдиялар жүйесіне қарама-қарсы тұрады. Оның мынадай айырмашылықтары
бар:
1) ашық болуы, алға шыққан орындарды алуға қандай да болсын қоғамдық
топтардың өкілдерінің таласуына кең мүмкіндіктерді туғызу;
2) формалдық талапнамалардың, институциялық
фильтрлердің көп емес
саны;
3) селектораттың кең шеңбері, оған елдің барлық сайлаушылардың кіруі
мүмкін;
4) іріктеп алудың күшті бақталастығы, басқарушы орындарды алу үшін
өткір бәсекелестік;
5) элитаның құрамының өзгермелілігі, ол үшін тұлғалық қасиеттердің
маңыздылығының бірінші орында болуы:
жеке адамның белсенділігі, кең
аудиторияның қолдауын табуға, оны сүйкімді идеяларымен және
бағдарламаларымен өзіне тартып алуға шебірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: