Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет65/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 
1. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері: екі томдық оқу құралы. - 2-ші 
басылымы. - Алматы: Қарасай, 2012
 
2. Жумасултанова Г. А. Саясаттану пәні бойынша кестелер мен сызбалар 
жиынтығы [Электронный ресурс]: электрондық оқу құралы / Г. А. 
Жумасултанова, К. Т. Мамирова; Қарағанды мемлекеттік ун-ті. - Электрон. 
текстовые дан. (1,46 МБ). - Караганда: [Инновационно-технолог. центр], 2011
 
3. Мырзабекова А.Ш. Саяси элитология: Оқу құралы/ Мырзабекова, А.Ш.. - 
Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004. - 108 б.
 
4. Мейірманов С.Т. Саясат теориясы: оқу құралы. - Алматы: Эпиграф, 2016. 
- 335 б.
 
5. Медеубаева Ж.М. Халықаралық қатынастар теориясы: оқу құралы. - 
Алматы: Эверо, 2014. - 180 б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 21. Қоғамның саяси жүйесі 
 
Дәріс жоспары: 
1.Саяси жүйе теориясының эволюциясы. 
2. Саяси жүйе ұғымы, мәні, құрылымы
3. Саяси жүйенің түрлері, қызметтері және өзгеруі.
 
 
1. Саяси жүйе теориясының эволюциясы.
«Саяси жүйе» категорияның шығуы Т. Парсонстың қоғамның жүйелік 
талдау теориясының дамуымен байланысты. Ол қоғамды өзара байланыста 
болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады 
деген. XX ғ. 50 ж. Американың саясаттанушысы Давид Истон саяси жүйе 
теориясын еңгізген. Содан кейін оны Г. Алмонд, К. Дойч еңбектерінде 
дамытты. 
«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана 
бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ 
саясаттанушылары Д. Истон мен Г. Алмонд. Д. Истон өзінің «Саяси жүйе» 
(1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан 
келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын 
организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси 
жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы. 
Г. Алмондтың «Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында 
саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға 
басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср 
субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық 
қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср 
арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси 
құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл бойынша саяси 
жүйе 
ең 
алдымен 
саяси 
институттар 
жүйесі 
болады, 
автор 
институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше 
ретінде қарастырады.
Ғылыми әдебиеттерде басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси 
жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде 
қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ 
емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің 
күрделілігіне негізделінген. Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері 
мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда 
көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен 
байланысты.
«Саяси жүйе» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік 
сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі 
саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік 
басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың 
әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді 
Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете 


отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі. Саяси ғылымдар тарихында 
бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» 
ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді. 
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д. Истон, сондай-ақ француз 
саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың 
өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен 
ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси 
жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді 
әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз 
ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен 
тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі. 
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі 
бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; 
екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік 
функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға 
қойылады. 
Қоғамды 
жүйелілік 
деңгейде 
қарастыруда 
детерминистік 
және 
функционалдық көзқарастар маңызды рөл атқарады. Детерминистік тұрғыдан 
қарастыру марксизмде анық байқалады. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас жүйе 
ретінде төмендегідей жүйекшеден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси 
және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысының өзін жеке-жеке жүйе ретінде 
қарастыруға болады. Бұл жүйелерді әлеуметтіктен айқындау үшін социенталды 
деп те атайды. Бұл жүйелердің арақатынастарында басты рөлді себеп-салдар 
байланысы атқарады. Бұл дегеніміз, марксизмге сәйкестендіре айтсақ, аталмыш 
әрбір жүйе өздігінен өмір сүрмейді, сөйтіп, басқа жүйелердің себеп-салдарына 
тәуелді болып келеді. Бұл жүйелердің бәрі ез арасында иерархиялық 
құрылымды құрайды, яғни субординациялық арақатынасты сақтайды, олардың 
бір-біріне бағыныштылығы жоғарыда көрсетілген деңгейде сақталады. 
Марксизмде барлық жүйе экономикалық жүйенің ерекшелігіне тәуелді болады, 
экономикалық жүйенің негізі меншіктің сипатына негізделген материалдық 
өндіріс болады. 
Алайда, марксизм әлеуметтік детерминизмді тым қарапайым баяндауға 
қарсы. Ол барлық қоғамдық қатынастарды экономикамен ғана түсіндірмейді. 
Марксизм көзқарасы бойынша экономикалық жүйе өл тек қоғамдық өмірдің 
басқа жүйелерін дамытуды анықтайды және оның ен басты себепшісі болып 
табылады. Марксизмде бүкіл социенталды жүйенің кері байланыстары атап 
көрсетілген. Әрбір келесі жүйе алдынғы жүйеге кері ықпал жасайды. 
Тікелей өзара байланысы бар социенталды жүйелердің бір-біріне әсер етуі 
демократиялық сипат алады. Нәтижесінде марксизм коғамға жанды дүние, 
әрдайым қозғалыста және дамуда болатын организм ретінде қарады. Оны 
зерттеуде өндірістік қатынастарға талдау жасау шешуші рөл атқарады. 
Әлеуметтанудағы 
детерминистік 
көзқарас 
тұрғысынан 
қарау 
функционалдықпен толықтырылған. Марксизм сондай - ақ функционалдық 
тұрғыдан қараудың жақтаушысы болып табылады. Марксизмде жүйені 
жиынтық, органикалық және тұтастық деп бөлу қалыптасқан. Қоғам жүйе 


ретінде органикалықтан тұтастыққа өту кезінде қалыптасады. Органикалық 
жүйенің дамуы оның өзін-өзі бөлшектеуімен, жіктеуімен тығыз байланысты 
болып, жаңа қызметтер немесе соған сәйкес элементтер жүйесінің қалыптасу 
процесі ретінде сипатталады. Қоғамдық жүйеде жаңа функцияларды 
калыптастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады. Қоғамдық қажеттілік бұл 
процестің қозғаушы күші болып табылады. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін 
керекті құралдарды ендіруді және тоқтаусыз болып жататын жаңа 
қажеттіліктердің туындауын К. Маркс пен Ф. Энгельс адамның өмір сүруінің 
бірінші кезектегі алғышарты деп есептеген. Сөйтіп, осындай қажеттілік пен 
тәсілдер соларды қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, даму негізінде қызмет 
түрлерін тудырады, соларсыз коғамның өмір сүруі мүмкін емес. Бұл қызмет 
түрлерін іске асыру үшін адамдар жаңа еңбек бөлінісі саласын ойлап тапты. 
Сөйтіп, бұлар адамдардың ерекше назарына ілігеді, сонымен катар қызметке 
тағайындап, сенім білдірген адамдардың да ойынан шықпайды және олар өз 
алдына дербестігін сақтап қалады. Сайып келгенде, марксистердің пікірі 
бойынша, материалдық өндіріс саласының негізінде ерекше кызметтер 
атқаратын әлеуметтік, саяси және рухани салалар пайда болады. Алайда, 
жоғарыда атап өтілгендей, қоғамдық өмірді түсіндіруде марксизмге 
детерминистік көзқарас тән. 
Функционализм идеясы - көбіне-көп англо-американ әлеуметтанушыларына 
тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеуметтанушысы Г. 
Спенсер (1820-1903) өзінін үш томдық «Әлеуметтану негіздері» еңбегінде 
белгілесе, оны американдық әлеуметтанушылар А. Радклиф - Браун, Т. Парсонс 
дамыта түсті. 
Г. Спенсердің әлеуметтануға функционалдық тұрғыдан қарауының негізгі 
принциптеріне қысқаша тоқталайық. 
Коғамға жүйелілік тұрғыдан қарауды жақтаушылар сияқты функцияшылдар 
коғамға тұтастық күйде қарап, оны экономикалық, саяси, әскери, діни, тағы 
басқа көптеген бөлімдерден тұратын организм деп есептеді. 
Алайда, олар осыған байланысты, әрбір бөлім тек тұтастық шеңберінде ғана 
өмір сүреді дегенді атап көрсетті, солардың кұрамында бола отырып, әрбір 
бөлім нақтылы, қатаң белгіленген қызмет түрлерін ғана атқарады. 
Бөлімдердің кызметтері қашан болмасын әлдебір қоғамдық қажеттілікті 
қанағаттандырып отырады. Солардың бәрінің біріккен қызметі қоғамның 
тұрақтылығын және адамзаттың өсіп-өрбуін қолдауға бағытталған. Қоғамның 
әрбір бөлімі өзіне тиісті кызметін атқаратыны сияқты, оның қайсыбір бөлімнің 
қызметінде іркілістер, тоқыраулар, кызметтерінің бір-бірінен ерекшеленетін 
кездері де кездеспей қалмайды, сөйтіп, езге бөлімдер үшін бұзылған 
қызметтерді қайтадан қалпына келтіру ауыр тиеді. 
Г. Спенсер әлеуметтік бақылауға үлкен маңыз берді. Оның пікірі бойынша, 
әлеуметтік жүйенің тұрақтылықты сақтауының басты себебі, онда бақылау 
элементтері бар. Бұған саяси басқару, құқық тәртібінің органдары, діни 
институттар және моральдық нормалар жатады. 
Г. Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтік бақылау «тірілердің алдындағы 
қорқынышқа» және «өлілердің алдындағы қорқынышқа» арка сүйейді. 


«Тірілердің алдындағы қорқыныш» мемлекетті қалыптастырып, орнықтырады, 
«өлілер алдындағы қорқыныш» шіркеуді дүниеге келтірді. Қоғамның 
тұтастығын сақтаудың басты шарты - коғамдағы қабылданған жүйенің 
кұндылықтарын қалың бұқараның мойындауы. Г. Спенсер дәлелдеген 
әлеуметтанудағы функционализм Р. Мертон еңбектерінде терең зерттеле 
отырып дамытылды. Р. Мертон оның тұжырымдамасына бірқатар 
анықтамалықтар енгізді: 
1. Өзі бір ғана құбылыс бола тұрғанымен де, әр түрлі қызметтер атқаруы 
мүмкін, сондай-ақ керісінше бір ғана кызмет түрінін өзі әр түрлі құбылыстарда 
да қолданылады. 
2. Р. Мертон дисфункция ұғымын енгізді, яғни оған бұлдіруші кызмет деген 
мағына береді. Ол бірқатар элементтер бір жүйелі қатынаста функционалды 
болуы мүмкін және басқа жүйеге қатынас кезінде дисфункционалды болуы 
ықтимал деген қорытынды жасады. 
3. Р. Мертон айқын және көзден таса жасырын патентті кызметтер 
арасындағы айырмашылықтарды белгіледі. Айқын кызмет - саналы әрекеттен 
туындаған қызмет. Патенттік қызмет әрекет етуші адамның қажетті амалды 
табуды ойламауының нәтижесі. 
Т. Парсонстын құрылымдық функционализм көзқарасы функционализм 
әдістемелігі дамуының манызды кезеңі деп сипатталады. Парсонстың пікірі 
бойынша, кез келген коғамдық жүйенің екі негізгі бағдары бар, оларды 
«бағдардың білігі» (ось) деп атаған. Бірінші білік ішкі - сыртқы білік деп 
аталады. Бұл дегеніміз кез келген жүйе қандай да болмасын өзін қоршаған 
ортадағы оқиғаға бағытталады, немесе өзінің проблемаларындағы оқиғаларды 
қамтиды. Екінші білік - инструмент алды – консумоторлық. Бұл - жүйе 
бағдарының қандай да болмасын белгілі бір сәттілікке немесе ұзақ мерзімдегі 
қажеттілік пен бір мақсаттарға бағытталуы. 
Бұл біліктерден 4 негізгі функционалдық категориялар пайда болады: 
бейімделу, мақсатқа жету, интеграция, құрылымды жаңадан ұдайы өндіру. 
Әлеуметтік жүйенің бұл кызметтері, Парсонстың пікірі бойынша, әр түрлі 
жүйекшелермен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жүйенің ішінде бейімделу 
кызметін экономикалық жүйекше, мақсатқа жету кызметін - саяси жүйекше, 
интеграция қызметін - құқық институттары мен әдет-ғұрыптар, құрылымды 
жаңадан ендіру кызметін - наным жүйесі, мораль және әлеуметтенді органдары 
қамтамасыз етеді. 
Функционализм эмпириялық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. 
Алайда, басқа әдістемелікті жақтаушы әлеуметтанушылар функционализмнің 3 
басты кемшіліктерін атап көрсетеді: 
1) қоғамды зерттеу тарихи тұрғыдан қараудан тыс болуы керек. Қоғам 
функционализмде динамикалық дамудан бөлек, статикалық тұрғыдан 
қарастырылады; 
2) шиеленістерді жазып талдауда қабілетсіздік көрсетеді, әлеуметтік 
шиеленістері қат-қабат казіргі тандағы мәселелерді шешуде қабілетсіз болып 
отыр; 
3) әлеуметтікте жеке адамды толық қамтып көрсете алмайды. 


Функционализмге 
сын 
айтушылардың 
қатарында 
индивидуализм 
әдістемелігінің өкілдері Дж. Хоманс, Джон Линд, Г. Блумер, тағы басқалар бар. 
Олар функционализмнің орнына индивидуализм әдістемесін ұсынады. 
Индивидуализм әдістемелігінің негізгі идеясы мынаған саяды: кез келген 
әлеуметтік құбылыс, сонымен катар қоғамдық өмір индивидуалдық іс-әрекет 
жиынтығы арқылы түсіндірілуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтану ғылымының 
бірден-бір міндеті жеке адам қимылының нақты әрекеті дегеніміз не және 
индивидуалдық іс-әрекеттер жиынтығы дегеніміз не деген сауалдарды 
түсіндіру. 
Индивидуализм өкілдерінің көзқарасы бойынша іс-әрекет схемасы 
мынандай элементтерден тұрады: 
- іс-әрекет етуші, яғни жеке адам немесе топ; 
- жағдайға қатыстырылуы, тартылуы белгілі бір зорлық-зомбылық 
көрсетудің болуымен сипатталады; 
- іс-әрекет арқылы қайсыбір мақсатқа жетуді көздеу; 
- мақсатқа жету үшін ресурстарға манипуляция жасау; 
- нақтылы белгіленген мінез - құлық. 
Индивидуалдық іс-әрекет дегеніміз не? Бұл құбылысты бірнеше әлеуметтік 
өзара карым - қатынас жасау жөніндегі әрекет теориялары түсіндіреді. Мұндай 
теорияның 
бірі 

әлеуметтік 
айырбас 
теориясы. 
Оны 
американ 
әлеуметтанушысы Дж. Хоманс тұжырымдады. Джордж Хоманс ақы төлеу және 
шығын шығарту арқылы адамдардың мінез – құлқында ықпал ету принципіне 
арқа сүйейді. Ол ез теориясының мынадай ережелерін белгілейді: 
1) мінез-құлыққа неғұрлым жиі ақы төленіп, сыйлық берілсе, соғұрлым ол 
жиі қайталанатын болады; 
2) өткендегі ақы төлеу белгілі бір жағдайға байланысты болса, адамдар 
сондай жағдайды қайталауға тырысады; 
3) аз ғана сый-сияпаттан гөрі ақы төлеудің мөлшері анағұрлым үлкен болса, 
онда адамдар оны алу үшін артығымен оның өтемін қайтаруға барады; 
4) егер де адамның қажеттілігі толығырақ қанағаттандырылған болса, онда 
адам оны қанағаттандыру үшін аз ғана күш жұмсайды. 
Джордж Хоманс теориясының тағы бір түрі - әділ айырбас теориясы. Бұл 
теорияны қалыптастырғандар Джон Адамс, Дж. Уолстер және тағы басқалар. 
Бұл теория да сипаттауды керек етпейтін жорамал жүйесіне (постулат) 
негізделген: 
1) индивидтер қашан болмасын барынша пайда табуға тырысады, бұл 
адамның өзімшілдік табиғатынан туындайды; 
2) топтар индивидтерге шек қоя отырып және «әділ» қатынастар орнатуды 
талап ету арқылы ұжымдық пайданы арттырады; 
3) индивидтер әздерінің «әділетсіз» қатынастарға қатысын анықтаған соң 
психологиялық ыңғайсыздыққа түседі; 
4) «әділетсіздікті» адам неғұрлым ауыр қабылдаған болса, оның 
психологиялық ыңғайсыздығы да соғұрлым артады және «әділеттілік» 
қатынастарды орнатуға деген талпыныстары үдей түсетін болады. 


Сайып келгенде, бұл теорияда «әділеттілік қатынастар» категориясы назар 
аударарлық болып тұр, өзара әрекетке катысушылардың пропорционалды үлесі 
және нәтижесі әлеуметтік қатынастарды анықтайды. Осы теорияны 
жақтаушылар әлеуметтік әділеттілікке жетуде индивидтер мен топтарды 
ынталандыру басты, негізгі мәселе деп санайды. Келесі бір теория - 
индивидуализм әдістемелігіне негізделген символдық интеракционизм болып 
табылады. Оның аса көрнекті өкілдері - Джордж Мид пен Герберт Блумер. 
Джордж Мид индивидтің мінез - құлқы басқа адамның мінез - құлқында 
қайтарған реакциясы деген ілімді ұсынды. Адамзат маңызды объектілері 
дүниесінде өмір сүреді. Маңыздылық тек әлеуметтік өзара әрекет процесінде 
ғана пайда болады. Әр түрлі әлеуметтік топтар дүниені жасап орнатады, 
дүниені құрайтын объектілердің ез маңыздылығын өзгертуіне орай бұл 
дүниелер де өзгереді. 
Символдық интеракционизмге сәйкес, индивидтер арасындағы өзара әрекет 
үздіксіз диалог ретінде көрінеді, бұл процесте адамдар бір-бірінің ниетін 
бақылайды, түсіндіреді және оған жауап қайтарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет