- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан және саяси мәдениеттің
деңгейіне қарай саяси жүйелерді -
англо-американдық, континенталды-
европалық, индустриализмге дейінгі, тоталитарлық
деп бөледі.
- саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне
қарай -
консервативті және трансформацияланушы
болып бөлінеді;
- трансформацияланушы саяси жүйелердің өзі
керітартпа және
прогрессивті
мағынада болуы мүмкін;
- саяси жүйелер сонымен қатар
ашық және жабық
, аяқталған және
аяқталмаған, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған және т.б.
жіктеледі.
Сондай ақ, әр түрлі ғалымдардың саяси жүйесін жіктеуде өз критериялары
қолданылады:
- Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5
түрге бөлген:
либералдық демократия, коммунистік жүйе, дәстүрлі,
авторитарлық
(дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған с. ж.),
авторитарлық-консервативтік
(онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік
сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады).
- С. Санистебан саяси жүйелердің түрін тарихи типтеріне бөледі:
империя,
конфедерация, қазіргі ұлттық мемлекеттер
.
- Р. Аронның пікірінше қоғамның түріне қарай саяси жүйе
дәстүрлі,
модернистік, демократиялық және тоталитарлық
түрлерге бөлінеді.
- Г. Алмонд саяси мәдениеттің, рөлдік құрылымына қарай с. ж. 4 жікке
бөледі:
1.
ағылшын-америкалық түрі
ондағы
саяси мәдениет біріңғайлығымен,
біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси
мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі
қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, ұқыптылық, саяси либерализмге негізделген.
2.
құрылықтық-еуропалық
саяси жүйе құндылықтар жүйесі, идеалдары
әлеуметтік
топқа
(этносқа,
тапқа)
ұқсайды.
Саяси
мәдениеттің
фрагментарлығынан тұрақсыздық пайда болады, сондықтан батыс елдерінде
үкіметтік және парламенттік дағдарыстар жиі болады.
3.
индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған
саяси жүйе
жабық саяси мәдениетпен сипатталады. Адамдар
глобалдық саяси мәдениетке
назар аудармайды, тек қана өздерінің саяси жүйесін қолдайды (ауыл, ру).
Осындай жүйелердің көпшілдігі келісімге немесе компромисске жету
мүмкіндігін бермейді, осыдан зорлық-зомбылық татуласудың құралы болады.
4.
тоталитарлық
саяси жүйе билікпен берілген бірақ, саяси мәдениет,
құндылықтар мен саяси тәртіп үлгілері ең басты роль ойнайды. Билеуші партия
с. ж. барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.
Саяси жүйе жұмыс жасап, дамуы оның «
кіруі» мен «шығу
»
принциптеріне
байланысты. Г. Алмондтың айтуынша саяси жүйе «кіріс» және «шығыс»
қызметтері арқылы қоғамда көрініс табады. «Кіріс»
функцияларына мыналар
жатады:
- Әлеуметтену (адамның саясатқа кірігуі);
- Рекрутация (ұйымға көп мөлшердегі адамдардың қабылдануы);
-
Коммуникация (саяси құрылымдар арасындағы байланыстардың
орындалуы);
- Агрегация (элитаға қойылатын талаптардың жиынтығы);
- Артикуляция (элитаға қойылатын талаптар).
Сонымен қатар, «кіріске» жататындар: талап тілектер, мүдде,
мұқтаждықтар, қолдаулар немесе келіспеушіліктері. Осы кіріске жауап ретінде
саяси жүйе жұмыс жасайды.
«Шығыс» функцияларына мыналар жатады:
- Заңдылық (қағидаларды қалыптастыру);
- Атқарушылық ( қағидалардыіске асыру);
- Соттық ( қағидалардың іске асу барысын қадағалау).
Яғни саяси жүйенің «шығыс» функциялары – ол заңдар, шешімдер,
бұйрықтар, реформаларды жасау және қоғамның дамуына жауап беретін тағыда
басқа қызметтер. Саяси жүйе басқа қоғамның жүйелерінен
айырмашылығы,
онда күш көрсету құқы бар.
Жалпы алғанда
саяси жүйенің қызметтерін келесідей көрсетуге болады
:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін
қамтамасыз ету. Конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар
шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнатады.
2. Қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе
көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр
түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын
айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын
жасайды.
3. Саяси қатынас субъектілерінің қызығушылықтарын көрсетуі.
4. Экономиканың
қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси
жағдай жасау.
5. Қоғамның бірігуі.
6. Саяси әлеуметтену (индивидтің саяси санасы).
7. Саяси биліктің легитимациясы.
Достарыңызбен бөлісу: