Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет73/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Қазақстан 
мемлекетінің 
функцияларын
дамыту 
тенденцияларының мынадай жолдары іске асуы мүмкін: 


- функциялардың мазмұны мен шеңберін кеңейту, бұлардың көбісінің 
мемлекеттік ішкі мәніне ұласуы; 

бұрынғы кеңестік мемлекеттілік сатысына қарағанда барлық 
функциялардың мазмұнының іс жүзінде түпкілікті өзгеруі; 
- мемлекеттің функцияларында жалпыәлеуметтік, жалпыдемократиялық, 
гуманистік (адамгершілік) мәні бар бағыттардың көбеюі; 
- мемлекет өзінің «қоғам мен тұлға құлы» делінетін жаңа рөлін меңгеруі; 
- мемлекет функцияларының мақсатты бағыттарының өзара байланыс-
тылығы, үйлесімділігі және біріңғайлылығы; 
- жалпы дүниежүзілік жүйенің елдің ішіндегі және дүниежүзілік аренадағы 
мемлекеттік қызметке тигізетін ықпалы; 
- қоғам ісін басқаруда мемлекеттің функционалдық рөлінің артуы. 
Ішкі және сыртқы функциялар бір-бірімен өзара тығыз байланысты

өйткені сыртқы саясат белгілі бір мемлекеттің өмір сүруінің ішкі жағдайларына 
тікелей байланысты. 
Кез келген мемлекет өзінің функцияларын іс жүзіне асырған кезде, міндетті 
түрде оған қажетті мемлекет аппаратын құрады. Ол мемлекеттік аппарат 
материалдық күшін көрсетеді. Ол мемлекеттік биліктің материалдық күшін 
көрсетеді. Демек, мемлекеттік аппарат дегеніміз мемлекеттік орган деп 
аталатын өзара байланысты және бірлесіп қызмет атқаратын бөлімшелердің 
жиынтығы. Әрине, ол билік өкілеттілігіне, материалдық-техникалық 
құралдарына ие, яғни өзінің құзыретін іске асырудағы кездесетін мәселелерді 
шешуге жарамды ұйым. 
Мемлекеттің функцияларын іске асыру нысандары екеу

1) құқықтық және 2) ұйымдаструшылық. 
Құқықтық нысандарға кіретіндер құқық шығармашылық (заң нормаларын 
дайындау мен қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет); құқық орындаушылық 
(құқық нормаларын орындауға байланысты қолданылатын шаралар туралы 
мемлекеттік қызмет); құқық қорғаушылық (нормаларды орындау мен сақтауға 
байланысты бақылау мен қадағалау, сонымен бірге бұзақыларға мәжбүрлеу 
шараларын қолдану жөніндегі мемлекеттік қызмет). 
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдатыру-реттеушілік 
(нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік 
ұйымдастырушылық жұмыстар); ұйымдастыру-шаруашылық (әр түрлі 
мемлекеттік функцияларды орындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге 
байланысты оперативті-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар); 
ұйымдастыру-идеологиялық 
(мемлекеттің 
әр 
түрлі 
функцияларының 
орындалуын қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік-түсіндіру, 
тәрбиелік жұмыстар). 
Жалпы алғанда, мемлекеттің қызметтері: 
- заманауй жаһандық мәселелерге қатысу және шешу; 
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
- басқа мемлекеттермен достық қарым-қатнастарды дамыту; 
- қоғамның экономикалық-шаруашылық өмірін ұйымдастыру; 
- әлеуметтік; 


- мәдени-тәрбиелік; 
- экологиялық; 
- биліктің легитимдігін қамтамасыз ету. 
 
3. Мемлекеттің пайда болу тарихы мен теориялары. 
Өзінің пайда болу сәтінен бастап мемлекет саяси ойлар тарихында бірнеше 
рет тұжырымдалды, өйткені, адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде 
мемлекеттің белгілі бір қасиеттері мен функциялары алдыңғы қатарға қойылып 
отырды. 
Мысалға, Аристотель мемлекетті сананың, әділеттіліктің, сұлулық пен 
жалпы игіліктің бет келбеті деп есептеді. Оның ойынша, «саяси жануар» 
ретінде «ортақ тұрмысқа» талпынатын адам тегінің көрінісі болып табылады. 
Өз өмірінің мәнін мемлекеттен тапқан адам жаратылыстардың ең мықтысы. Ал 
заң мен құқықтан тысқары өмір сүретін адам әлемнен ең ұсқынсық орынға 
иеленеді» - деп, атап өткен болатын Аристотель. 
Керісінше, ағылшын ойшылы Т. Гоббс мемлекетті Левиафанмен, яғни 
Библияда суреттелген құбыжыққа теңестірді: «Оның аузынан жалыншылар 
шығып, от шоқтары атылып жатыр. Оның мұрын тесіктерінен түтін шығып 
жатыр. Оның дем алысы көмірлерді ыдыратып, аузынан жалын лаулап жатыр. 
Оның мойнында үлкен күш, құдіреттілік жатыр және оның алдынан қорқыныш 
жүгіріп отырады». 
Еуропалық саяси ғылымда мемлекеттің екі образын белгілеп шығуға 
болады: 1) халық игілігі үшін пайда болған мемлекетті ұжымдылықтың ерекше 
түрі ретінде қарастыру және 2) мемлекетті халықтық билік институттарының 
біртұтастығы ретінде түсіндіру. 
Бірінші дәстүр Аристотельден шығады, ол өз кезегінде мемлекетті ерікті 
және тең азаматтардың ассоциациясы ретінде көрді. Мемлекет саяси қарым 
қатынастың формасы болып табылады, ал оның негізі ретінде «билік болып 
табылады. Адам соған байланысты өзіне ұқсас және ерікті адамдарды 
басқарады». Мемлекетті саяси қоғамдастық ретінде түсіну факторы саяси 
ғылымда он алтыншы ғасырға дейін доминантты болып қала берді. Фома 
Аквинский мемлекетті саяси қоғамдастық деп түсінді.«Қала-мемлекет жетілген 
қоғамдастық болып табылады». 
И. Кант мемлекетке осыған сәйкес тұжырымдама жасаған болатын. Оның 
белгілеуінше, «мемлекет – өздігінен таралып, басқарылатын адамдардың 
қоғамы». Одан басқа, философтың ескеруінще, «мемлекет құқықтық заңдар 
негізінде адамдардың бірігуі» болып табылады. 
Он алтыншы ғасырдан бастап, мемлекеттің жаңа тұжырымдамасы пайда 
болады. Оның дамуы француз ғалымының есімімен Ж. Бодэнмен (1530-1596) 
тығыз байланысты болып келеді. «Мемлекет жайлы алты кітапта» ол 
мемлекетті «суверенитет» пен «мемлекеттің тұрақты және абсолютті билігі» 
түсініктері арқылы анықтаған болатын. Ол адамдардың қауымдастығын 
басқарады және де бұл басқарушылықты егеменді билік арқылы орындайды. 
Мемлекеттің бет келбеті басқарушы және билік органдары. 


Т. Гоббс мемлекеттің осыған сай түсінігімен келіскен болатын. Адамдарды 
қорқынышта ұстай алатын және сонымен олардың өзара әсерлесуін реттеп, 
олардың талаптарын жалпы игілікке баулитын жалпы билік монархқа 
негізделген. Тек монарх қана мемлекет мәнінің, суверенитетінің жүзеге 
асырылуына септігін тигізеді. Тек ол билік астындағыларына бейбіт ұсынып, 
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде билік тек 
билеушімен, бюрократиямен, мемлекеттің аппаратымен ассоциацияланып 
қоймай, сонымен қатар нормалармен, қарым қатынастармен, рольдермен, 
процедуралармен, институттармен ассоциацияланады. Мысалға, марксистер 
мемлекетті тек таптай бөлінген қоғам ретінде мойындап, оны бір класспен 
екіншіні басып жаныштайтын машина ретінде, заңның қадағалануын 
орындайтын орган ретінде, ал мемлекеттіліктен мемлекетсіздікке өтпелі 
кезеңінде «жалпы істерді басқаратын комитет ретінде» қарастырған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет