Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет74/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Мемлекеттiң пайда болуының, дамуының бiрнеше түрлерi бар: 
1. 
Шығыс елдерiнде
(Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типтi елдерде) 
мемлекеттiң қалыптасуы негізінен қоғамдық меншiктi қорғаумен байланысты. 
Себебi алғашқы қоғам ыдырау кезiнде бұл елдерде күрделi құрылыстар болды: 
iрi су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, 
құрғақшылықпен күресу. Мiне осы күрделi жұмыстарды жақсы жүргiзу үшiн 
қоғамдық-мемлекеттiк меншiк қалыптасты. Сол меншiктiң иелерi: шенеуніктер, 
ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды. 
Сонымен, Шығыс елдерiндегi мемлекеттердiң қалыптасу себептерiне: 
- iрi ирригациялық жүйелердi жасау; 
- оны iске асыру үшiн құлдарды, жұмысшыларды жүйелi түрде топтастыру, 
бiрiктiру; 
- барлық жұмыстарды бiр орталықтан басқару жатады. 
Мемлекеттiң басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан 
өсiп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсiп әдiлетсiздiктi, 
қанаушылықты күшейттi. Азия типтi мемлекеттер өте брсең дамып, Х1Х–ХХ 
ғасырларға дейiн көп өзгермей, сақталып келдi (Қытай, Иран т. б.). 
2. 
Еуропалық елдерде мемлекет
жеке меншiктiң шапшаң, күрделi дамуы, 
қоғамның тапқа бөлiнуi арқылы қалыптасты. 
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезiнде экономикалық 
күштi топтар мен таптар мемлекеттiк билiктi өз қолдарына алып, өз мүдде-
мақсаттарын орындайтын мемлекеттiк аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, 
көбiнесе, демократиялық жүйедегi саяси бiрлестiк болып қалыптасты. 
Германияда мемлекеттiң қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара 
байларға тәуелдi болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типтi 
мемлекеттер Европаның бiрнеше елдерiнде Ресейде, Ирландияда және т. б. 
қалыптасты. 
Ендi мемлекеттiң пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша 
тоқталып өтейiк. Саяси ғылымда мемлекеттің әлеуметтік мәні мен табиғаты 
бірдей түсінілмейді. 
Теократиялық концепция
мемлекеттің пайда болуының негізін құдай 
орнатқан деп қарастырады (Ф. Аквинский). Теократиялық теория мемлекетті 


Құдайылық идея ретінде қарастырып, «билік Құдайдан» деген тезиске сүйенеді. 
Теократиялық теория шынайы дәлелдерге иеленді: алғашқы мемлекеттер діни 
формаларға иеленді, құдайылық құқық мемлекеттік билікке мәртебе берсе, ал 
оның шешімдеріне міндеттілікті жүктейді. 
Патриархтық концепция
мемлекетті үлкен отбасы ретінде тұжырымдайды, 
онда монархтың және қол астындағыларының қарым қатынастары отбасыдағы 
әке мен отбасы мүшелерінің қарым қатынастарымен баламаланады. Мемлекет 
тайпалардың руларға, рулардың қауымдастықтарға, кейін мемлекетке бірігуі 
нәтижесінде пайда болады. Монарх өз қол астындағыларына күтім көрсету 
керек, ал екіншілері билеушіге бағынуы керек. Патриархалдық теория 
мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялардың еркін жиналуын, кіші 
рулардың үлкен руларға қосылуын білдіреді. Осының негізінен оны үлкен 
жанұя деп қарастырады (Р. Филмер). 
XVII-XVIII ғасырларда мемлекет пайда болуының 
келісімдік теориясы 
пайда болады. Мемлекетті қоғамдық келісім ретінде
түсіне бастады, оған 
сәйкес адамдар өзінің шынайы құқықтарын, еркіндіктерін сенімді түрде 
қамтамасыз ету мақсатында мемлекетті құруға келісім береді. 
Келісім концепциясы мемлекеттің пайда болуын былай дейді: ол 
басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру 
мақсаты мен келісім арқылы пайда болған (Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк т.б.). 
Француз ойшылы Д. Дидроның (1713-1784) ойынша, «адамдар келісіні тез 
түсінген болатын: егер олар өздерінің еркіндіктерін, тәуелсіздіктерін 
қолдануды жалғастырып, өздерінің сезімдеріне берілсе, онда адамның бөлек 
тұрғанына қарағанда, қоғамдағы бөлек адамның қалпы бақытсыздыққа 
айналады; олар әрбір адамның өзінің шынайы тәуелсіздігінің бір бөлігімен 
бөлісуі және қоғамның еркін білдіретін, сонымен қатар барлық еркіндіктердің 
қосылуының орталығы мен жалпы пунктысы болатын еркіндікке бағынуы 
керек екенін түсінді. Мемлекеттердің пайда болуы осылай». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет