кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің,
бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету
үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп
өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей
текетіреске де барып отырады.
Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап,
оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында
ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда,
мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-
шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен
құқын аяққа басуға дейін барады.
Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне
ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси
жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып,
адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп,
түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын
шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу
ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға
күш салды.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны
жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен
айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының,
оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: