Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет82/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 


Дәріс 25. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси 
қозғалыстар 
 
Дәріс жоспары: 
1. Саяси ұйымдардың түрлері мен орны.
 
2. Саяси партиялардың түсінігі, түрлері, қызметтері.
 
3. Партиялық жүйелердің түсінігі мен түрлері.
 
1. Саяси ұйымдардың түрлері мен орны. 
Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, 
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде 
мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын 
адамдардың бірлестігі жатады. 
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін 
іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның 
саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым -қатынастарының 
әр алуандылығын білдіреді. 
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы 
мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми 
сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. 
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар 
ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) 
одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, 
спорттық, қорғаныс және т.б) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы 
миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен 
өтеді. 
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: 
1) Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси 
мақсаттар қойған ұйымдар жатады; 
2) Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар; 
3) Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы); 
4) Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-
ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б). 
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні - кәсіподақтар. 
Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін 
адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге 
тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек 
олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің 
әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, 
ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне 
қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еқбекшілер мен 
олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі. 
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен 
тығыз ынтымақтастықта болып,солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең 
үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе 


қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бүл 
елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. 
Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. 
Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет 
басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жүмыс 
берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш 
салады. Мұндайды "жауапты" кәсіпорын дейді. 
Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар 
болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер 
етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды, мұндай 
кәсіподақтарды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді. Біздің республикамызда 
кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. 
Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың 
материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек 
және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, 
ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін 
басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын 
қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері 
кәсіподақтармен келісіліп шешіледі. 
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді: 
1) Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге 
арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы; 
2) Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау; 
3) Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, 
мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім 
іздестіру. 
Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. 
Мұны, әсіресе, үкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен 
қолданылады. 
Қоғамдық 
бірлестіктердің 
көпшілігі 
саяси 
өмірде 
белсенділік 
танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде, солардың 
ішінде белдісіне қысымшы топтар жатады. Іс жүзінде олар парламент пен 
үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері 
бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы 
топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға 
идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің 
алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі 
топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар 
көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік 
органдарының арасында болғанда пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет