Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович


 Саяси партиялардың түсінігі, түрлері, қызметттері



Pdf көрінісі
бет84/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

2. Саяси партиялардың түсінігі, түрлері, қызметттері. 
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген 
сөз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Қазіргі 
уақытта партия қоғам саяси жүйесінің институционалдық элементі.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. 
Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын 
топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының 
мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ 
шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. 
Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің 
астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ 
болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы 
мүшелері қорғады. 
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші 
жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық 
революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі 
және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге 
келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа 


қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы 
күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды 
кұра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар 
шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар 
саясаттың негізгі субъектісіне айналды. 
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ 
тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси 
партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық 
үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. 
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы - олар ең 
алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Ал аристократиялық үйірмелер жер 
иелерінің мақсатын қорғаған болатын. Олардың тұрақты идеологиялык 
байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық 
жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. 
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі - олар жұмысын 
тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да 
көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды 
тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, 
мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды. 
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі 
партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік 
(тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму 
жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік 
партия болып қалыптастыру. 
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық 
партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы 
қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған 
жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен 
съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы 
партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. 
Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа 
елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар 
басқа континенттерде де құрыла бастады. 
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша 
партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны 
қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия - 
адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың 
әр-түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - 
билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 
4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі 
қолдауын қамтамасыз еткісі келеді. 
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың 
саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық 
сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың 
басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық кұрылысы мен 


практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның 
бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады. 
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, 
таптардын, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі 
сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу 
қажеттігінен шығады. 
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі 
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады: 
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және 
негіздеу; 
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау; 
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; 
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, 
кұрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.; 
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының 
бағдарламасын жасау; 
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; 
е) қоғамдық пікірді калыптастыру; 
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси 
тәрбиелеу; 
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін 
кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет