Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік
органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс
жүзіне асыруға белсене катынасады.
Саяси партиялардың жіктелуі:
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері
бар.
Мысалы,
институциондық
тәсіл
партияларды
топтастырғанда
ұйымдастыру
ерекшелігін
басшылыққа
алады,
либералдық
дәстүр
идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер
болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.
Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына
байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды
ұйымдық қалыптасқан және ұйымдык қалыптаспаған деп те атайды).
Кадрлықпен қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше
саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге
түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын
уақыттылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды.
Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы,
ГФР-дің
Христиандық-демократиялық
одағы,
Жапония
либералдық-
демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық
партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін
сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми
мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы,
мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары,
Англия лейбористер партиясы т. т.
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен
екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар
партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі - партияның
мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік,
этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай
партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек
алуда.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси
Достарыңызбен бөлісу: