Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет37/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 14. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар. 
 
Дәріс жоспары: 
1. Урбанизация процесі және қалалық елді – мекендер торы мен жүйесінің 
дамуы. 
2. Көшіп–қонудың түрлері мен себептері, тұрғындардың территориялық 
жылжымалығының көрсеткіштері. 
3. Ауылдық жердегі өмір. Ауыл әлеуметтануы. 
 
Сұрақ 1. 
«Урбанизация» қаланың өсуі және дамуымен байланысты күрделі 
және алуан түрлі процестердің жиынтығын бейнелейді. 
 
Урбанизациялық мәнін сипаттайтын кейбәр ережелер мынадай: 
1) Урбанизация тар мағына қалалардың және қала тұрғындарының өсуін 
білдіреді. 
2) Кең мағына – бұл индустрияның, транспорттың және адамның 
ауылшаруашылық емес іс - әрекет түрлерінің интенсивті дамуына әкеп соғатын, 
тереңдеуші қоғамдық еңбек бөлінісінің негізінде қалалар мен ауылдық елді – 
мекендердің әлеуметтік – экономикалық қайта қалыптасуымен байланысты 
дүниежүзілік тарих процесс. Урбанизация бір ғана қалалық «урбанизациялық 
ортаны» ғана емес, қоғам өмірі мен іс - әрекетінің барлық жақтарын қамтиды. 
Урбанизация өндіргіш күштердің өсуімен байланысты құбылыс ретінде 
толығымен прогрессивті. Алайда барлық досоциолистік формацияларда ол 
қоғам өмірінің қарама – қайшылықтарын ұшықтыра отырып, стихиялы түрде 
өтеді. Шаруашылықтың социялистік жүйесінде мемлекет урбанизация 
процесстерін реттеп отырып, нәтижесінде оның теріс әсерлері жойылады 
немесе әлсірейді. 
Урбанизацияның қоғамға барынша әсер ететін басты белгісі – қалалар 
торының дамуы, жаңа қалалық елді – мекендердің пайда болуы және 
бұрынғыларының өсуі. 
Урбанизация қоныстанудың әртүрлі урбандалған жүйелерінің – қалалық 
агломерациялардың (конурбация), урбандалған аудандар мен зоналардың 
қалыптасуына әкеп соқтырады. 
Дамуды анықтаушы факторларға тәуелді түрде урбанизация мынадай түрге 
бөлінеді: 1) индустриалдық; 2) кешенді; 3) жалған – қала тұрғындарының өсу 
қарқынының қаланың экономикалық базасының дамуымен сәйкес келмеуі; 4) 
сервистік – қызмет көрсету саласының дамуы капиталистік елдерге тән. 
Әртүрлі елдердегі урбанизацияның деңгейі, олардың урбандалуын бағалау 
әдістері жіне жекелеген контингенттер бойынша қалалық елді – мекендердің 
даму ерекшеліктері туралы мына кітаптан және мақаладан оқуға болады: 
«География мирового процесса урбанизации» (1981); Константинова О.А. 
«Типы урбанизированности в СССР». «Известия ВГО СССР» 1976, №5; 
Пивоварова Ю.Л. «Современная урбанизация» М, 1976. 
Урбанизация қоныстанудыңі мынадай жүйелерінің қалаптасуымен қатар 
жүреді: 


Қалалық агломерация – бұл шаруашылық тұтас урбандалған аумаққа енетін 
бірнеше қалалалық елді – мекендердің түрлері. 
Агломерация орталық қаланың жан – жағындағы елді – мекендерді жұтуы, 
ал алыс жатқандарын өзіне бағындыруы жолымен пайда болады. Нәтижесінде 
моноцентриялық қалалық агломерация қалыптасады. Москва, Париж, Лондон 
секілді әлемдегі, ірі агломерациялар осы түрге жатады. 
Кейде қалалық агломерацияға екі немесе бірнеше қалалар сіңіп кетуі 
мүмкін. Олардың экономикалық әсері және көлемдерінің ұқсастығы сондай, 
ешқайсысы агломерацияның жеке орталық бола алмайды, нәтижесінде 
полицентриялық қалалық ауломерация қалыптасады (конурбация). 
Кейбір елдерде орталықсыз қалалық агломерациялық да бар. Бұл жағдайда 
кең аумақты үлкен емес қала типтес елді – мекендер алып жатады, бірақ 
олардың нақты бір орталығы болмайды. Мұнадай түрдегі ірі агломерация АҚШ 
– тың Калифорния штатындағы Анахайм – Санта – Ана – Гарден – Гроув 
ауданы болып табылады, 1970 ж. онда 1,4 млн адам тұрған. 
Қалалық агломерация қандай түрде болмасын, оның шаруашылық 
тұтастығы әрқашан мына екі факторға негізделеді: а) тұрғындарының 
біртұтастығы; б) инфрақұрылымының біртұтастығы. 
Агломерацияға 
транспорттық 
құрылыстар, 
инженерлік 
коммуникациялардың жалпы жүйелері (электрмен, сумен, газбен, бумен және 
жылымен жабдықтау, канализация, т.б жүйелері), жалпы кәсіпорындар және 
мәдени – тұрмыстық мақсаттағы мекемелер қызмет көрсетеді, оның өзіндік 
дамуын қамтамасыз ететін жалпы тұрғын үй массивтері және ортақ құрылыс 
базасы болады. Инфрақұрылымының біртұтастығы осылармен байланысты. 
Конурбация – бұл полицентриялық қалалық агломерация (жоғарыда); ол 
қалалық агломерацияға тән барлық сипаттарға ие және мынадай 
ерекшеліктерімен бөлінеді: 1) бәрнеше агломерациялық орталықтардың 
болуымен; 2) транспорттық жүйесінің құрылу ерекшеліктерімен. Біздің елімізде 
конурбацияға мысал ретінде Ферғана – Марғұлан қалалық агломерацияның 
келтәруге болады. Оның екі қала – орталығы (Ферғана және Марғұлан), ортақ 
теміржол станциясы (Гарчакова), бірқатар қала маны елді – мекендері бар. 
Екінші мысал – Донецк – Макеевка қалалық агломерациясы. Токио – Йокогами 
және Нью – Йорк секілді әлемнің ірі қалалық агломерациялары да 
конурбациялар болып табылады. 
Мегалополис 
– 
бірнеше 
қалалық 
агломерациялардың 
болуымен 
сипатталатын кең – байтақ урбандалған аумақ. Олардың өзара жақын 
орналасатындығы соншалық, айналасындағы заналар бірігіп кетеді де, 
агломерациялардың шекарасын анықтау мүмкін болмай қалады. Бұған мысал 
ретінде АҚШ – тың солтүстік – шығыс жағалауындағы Бостон – Вашингтон 
мегаполисін, Жапония қалаларының Тынық мұхиттық өнеркәсіптік белдеуін 
жатқызуға болады. 
Агломерация – моноцентриялық, серіктес қалалармен қоршалған бір ғана 
ірі орталық қаласы болады. Конурбация – полицентриялық, бірнеше орталығы 
болады. Мегаполис – қоныстанудың формуласының күрделенуінің келесі 
деңгейі. 


Г.М. Лаппоның «География городов с основами градостроительство» атты 
лекциялар курсының (1969) 7 – бөлімімен танысып шығыныз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет