Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет48/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

2 сұрақ. 
Қай ғылым болмасын белгілі бір функцияларды атқарады. 
Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық 
(гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы 
оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты 
болжауға мүмкіндік береді. 
Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси 
құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. 
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін де 
атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін
қалыптастырады. 


Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетінде атқарады. Бұл ғылым саяси 
институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалдар жасап, оларды қайта 
қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және 
атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық 
шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке 
аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан 
талданауы.Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның 
орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді. Мемлекеттік 
басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді 
ауртпалықсыз пішу жолдары мен әдістерін көрсетеді. 
Саясаттану болжау қызыметінде атқарады. Саяси зерттеулердің құндылығы 
саяси процестердің үрдісін ойнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі 
бір саяси жағдайларда алдынғы қатарлы, азық саяси өзгерістер жасауға 
бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның 
түпқіліқті мақсаты да сонда. 
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. 
Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі. Ортақ-Қоғамдық өмір. Олар бірталай 
ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымның өзімдіқ 
пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы 
ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен 
философиямен тығыз байланысты. Философия-табиғат, қоғам және таным 
дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары ғылым. 
Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде 
жатқанның және т.с. ашып дүниеге тұтас көзқарас тұғызады. Сондықтан басқа 
пәндер сияқты саясаттануда жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол 
саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді. Саяси құбылыстар мен 
процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану өмірдің жалпы 
жақтарын қарастырғанда философия тұжырымдамаларына сүйенеді, ал 
саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия 
саяси процестерде экономикалық тұрғыдан дәлемдей отырып, ол процестердің 
негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін 
күресіп көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске 
асыру процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. 
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғанның болған уақытына байланысты 
саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап сүреттейді. 
Көрсетілген ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік 
ғылымдарымен байланысты. Солай болса тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу 
объектісі бар. Оған қоғамның саяси сапасы, ондағы болып жатқан барлық саяси 
құбылыстар процестер жатады. 
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызмет 
негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен 
абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге 
негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет