Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет50/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 
 
1. Әбсаттаров Р. Б. Саясаттану негіздері: екі томдық оқу құралы / 
Раушанбек Әбсаттаров. - 2-ші басылымы. - Алматы: Қарасай, 2012
 
2. Әбсатаров Р. Саясат: шешімдер мен технологиялар // Экономика. - 2011. - 
14-20 сәуір (№ 15)
 


3. Көбеев Е. Қ. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы: оқулық / Е. Қ. Көбеев, 
Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова; академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды 
мемлекеттік ун-ті. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. - 267 б
 
4. Рүстембекова Д. К. Қазақстан Республикасында ұлттық саясат 
қалыптасуының теориялық-құқықтық аспектілері / Д. К. Рүстембекова // 
Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Құқық сер. = Вестник Караганд.ун-
та.Сер.Право. - 2014. - № 1. - С. 108-115 б
 
5. Рахымбаева А.С. Саясаттану: дәрістер жинағы: оқу құралы/ А. 
Рахымбаева. - 2-ші басылым. - Астана: Фолиант, 2010. - 212 б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 17. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі 
кезеңдері 
 
Дәріс жоспары: 
1. Ежелгі дүниедегі саяси ілім. 
2. Орта ғасырдағы саяси ілім. 
3. Жаңа заман мен қайта өрлеу жылдарындағы саяси ой-пікір. 
4. Марксизм ілімі. 
1. Ежелгі дүниедегі саяси ілім. 
Адамзат қоғам сияқты, ғылыммен білім, 
мәдениет пен әдебиет бір кілкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын 
құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі 
өркениеттіліктің ошағы болып құлпырып гүлдену ежелгі Шығыс Мысыр, 
Вавилон, Үндістан Қытай, Парсы елдеріне келеді. 
Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың қолында болды. 
Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкеліп қамқорлық көрсетеді, 
ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап қоюға құқылары жоқ. 
Өйткені, билеуші халық алдында емес тек құдай алдында есеп береді. Бұл 
елдердің тәртібі, саяси ойы, өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті 
білдіреді. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгертілместей көрінді. Ондағы 
өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағаннан туып отыр деп ұқты. 
Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемелекетің қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді. 
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда 
қоғам Шығыс елдермен салыстырғанда көп жағыдайда қарама-қарсы өрістеді. 
Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке 
мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық үкімет орнына 
аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан 
алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана 
теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан 
теорияға тез ауысты. 
Көне гректеде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Ең 
көрнекті екі өкілі - Платон мен Аристотельді алайық. 
Платон б.э. дейінгі (427-347 жж.) Шын аты Аристокл. Платон атақты 
филосфшы Сократтың мектебінде оқып, оның үзік шәкірті болған. Кейін 
Афиныға келіп өз мектебін - академияны ашқан. Платтоның екі жүздей 
еңбектері бар. Адамзаттың рухани өміріне, философияға және саяси ғылымға 
қосқан үлесі қомақты. Оның «Мемлекет», «Заңдар», «Саясатшы және критий» 
атты трактаттарында саяси ой-пікірді, мемлекеттік билік туралы мәселелер 
төңірегінде пікір айтады. Ол билікті монархиялық, аристократиялық және 
демократиялық деп үшке бөледі. Оның әрқайсысының өзі 2-ге бөлінеді. 
Монархия дара билік яғни патша билігі. Ол заңды патша немесе зорлықпен күш 
қолдану арқылы келген тиран болуы мүмкін деген екен. Ол адамдарды үш 
үлкен әлеуметтік топқа: а) әкімдерге, ә) қорғаушылар, б) өндірушілер етіп 
бөлген. Әкімдерге философтарды жатқызған. Олар табиғаттан шындықты, 


ақиқатты, игіліктік идеясын сарлап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. 
Қорғаушылар әкімдердің ой, ниетін іске асырады, мемлекетті қорғайды. 
Өндірушілер өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық 
жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне қатысты 
еңбекті атқарады. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа өтуге 
болмайды. Қай өкілде тусаң, сол өкілде боласың. Адамдарды осылай жіктей 
келе, Платон оларды тым бай немесе кедейлікке жібергісі келмеген. Мұндайда 
қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты. 
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Кедейлікті 
тудыратын меншік деп санаған. Соған орай әкімдер мен қорғаушылардың 
отбасы болмауын қалаған. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. 
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, 
олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына 
аристократияны жатқызған. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның 
принциптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санаған. 
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі таратқан философы, ерте 
заманның ойшылы Аристотель б.з.б. (384-322 жылдар) өмір сүрген саяси 
ғылымның негізін қалаушылардың бірі. Ол 17 жасында аты шыққан Платон 
академиясын іздеп келіп оқуға түскен. Үздік бітіріп 20 жыл бойы сонда 
ұстаздық еткен. 
Б.з. б. 342-350 жылдары Македония патшасы 11 Филиптің шақыруымен 
оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонский) 
оқытып, тәрбиелейді. Кейін Афинаға оралып, өз мектебін ашты. Осында ол 
бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді 
саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Оның саяси көзқарасы «Саясат», «Афина 
саясаты», «Этика» және «Риторика» деген еңбектерінде баяндалған. 
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да 
енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғары игілігі, оның мақсаты – 
адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. 
Бірақ ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық 
бергісі келмеген. 
Аристотельдің пікірінше, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым - 
отбасының дамыған түрі. (Еркі, тең құқылы адамдардың қарым-қатынасын 
қамтамасыз ететін үлгілі ұйым ретінде түсіндіріледі.) Мемлекет табиғи 
дамудың жемісі. Оның айтуынша адам жаратылысынан саяси тұлға болып 
есептеліп мемлекет жағдайында өзінің тегінен қалыптасқан саяси қасиеттерін 
тарату мүмкіндігін алады. 
Аристотель саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрген. 
Өйткені, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге берілуі мүмкін, ал заң 
болса байсалдығын парасаттылығын жоймайды деген. 
Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке 
меншікті жақтады. Сондай-ақ ол адамның аса байып немесе шектен тыс 
кедейленіп кетуін құптамаған. Мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей 
келіп, орта деңгейді дұрыс көрген. 


Саяси ілім тарихының дамуына, оның теориясының негізін жасауда ежелгі 
Рим ойшылдарының қосқан үлесі ұшан теңіз. Олар б.э. дейінгі І ғасырда өмір 
сүрген Марк Тули Цицерон б.э. дейінгі (106-43 жж.). Оның «Мемлекет туралы», 
«Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері әйгілі. 
Цицерон мемлекетінің пайда болуының негізі – адамдардың бірігіп өмір 
сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан 
туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың 
мызғымастығын бұзылушылықты әділеттік пен құқықты қорлаумен бірдей 
көрді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, 
аристократия және демократия етіп үш түрге бөлді. Цецерон мүліктік теңдік 
идеясына қарсы болған, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен 
теңсіздікті әділеттік деп санаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет