Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет52/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

4. Марксизм ілімі. 
XIX-ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс 
әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының 
шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына 
шығуы маркзизм теориясын тудырды. 
Карл Маркс (1818-1883) философия мен саяси экономия саласында екі 
жаңалық жасады. Біріншісі – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Өндіргіш 
күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық 
тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді 
туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері 
үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшікке негізделген 
буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш 
күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан 
антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы 
табының үкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта 
құру үшін жол ашып береді деген екен. Екінші жаңалығы – капиталистік 
қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. 
Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті 
орындайтын қоғамдық күш – жүмысшы табы деп үйреткен. Себебі, пролетариат 
– буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және 
интернационалдық табы. 
Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат 
диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси 
партиясы – Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына 
басшылық жасауға тиіс делінген екен. 
Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870-1924) болды. Ол 
капипализм дамуының империалистік сатысының заңдылықтарын зеттеді. 


Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның 
ұйымдастырушысы болған. 
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын 
дамытты. 
Буржуазиялық-демократиялық 
революцияның 
социалистік 
революцияға ұласуын негіздеген. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе 
тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама 
жасаған. 
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан 
алуан болатындығы туралы қағиданы қолдаған. Пролетариат диктатурасының 
мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашқан. 
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл 
шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге 
асырумен байланыстырған. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің 
ролін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсеткен. 
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп 
ұққан.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет