Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет55/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

әлеуметтік
денгейдегі субъектілер. 
Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр 
түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси 
институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - 
БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар 
институционалды
денгейдегі субъектілер. 
Саяси институттар
– құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа 
бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы 
аппараты бар саяси ұйымдар мен мекемелердің бәрін 
институционалды 
субъектіге
жатқызамыз. Соның ішінде, Г.Алмондтың айтуынша ең негізгі 
институционалдық субъект 
мемлекет
болып табылады. Осылардың ішінде 
адам 
негізгі 
алғашқы саяси
субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі 
денгейде араласып, қатысады. Адамның 
саясатқа қатысуы
оның мүдесімен, 
идеясымен, саяси санасымен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: 
конвенционалды 
- заңмен рұқсат етілген және 
конвенционалды емес
, яғни оған 
заң арқылы тиым салынған саяси қатысушылықтың түрлері. 
Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген 
мақсат-мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен 


айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси 
ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады. Сонымен саясаттың 
субъектілерінің 2 түрі болады: 
1) әлеуметтік; 
2) институционалды. 
Әлеуметтік субъектілерге: 
1) Мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады, немесе оған 
ықпал ететін тұлғалар, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер жатады. 
2) Ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар сияқты жалпы әлеуметті 
жатқызуға болады. 
3) Саяси лидерлер, қарапайым азаматтар да әлеуметтік денгейдегі 
субъектілерге жатады. 
Саясаттың құрылымын анықтауда келесі элементтерге аса назар аудару 
қажет: 
1. Саяси қызығушылық – адамдарды белгілі бір мақсаттарды қоюға және 
оған жетуге апаратын саяси әрекеттің қайнар көзі. 
2. Саяси сана – адамдардың саяси өмірге деген саналы қарым-қатнасы. 
3. Саяси қызмет – субьектілердің өз қызығушылықтарын орындаудағы 
әлеуметтік белсенділіктердің түрлері. 
4. Саяси ұйым – қоғамдық процесстерді реттеудегі және басқарудағы саяси 
институттардың ролі. 
5. Саяси қатнастар – қоғамдық топтар мен мелекеттік институттар 
арасындағы тұрақты қатнастар. 
Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі - саяси билік 
туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өз саяси еріктерін 
басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны 
партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың 
төңірегіндегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінің өз ерітерін бүкіл 
партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы 
мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына 
жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл 
істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни 
идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін 
қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани 
мүдделеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси 
билігін нығайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын 
да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды. 
Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі 
әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие 
болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс 
табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси 
құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік 
құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси 
әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субъектілеріне 


олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері 
әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады. 
Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге 
субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси 
өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне қайсыбір 
адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы, кейде бүкіл 
халық атынан өкілеттілік ете болады. Қалай дегенмен де, олардың саяси 
қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. 
Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен саяси қызмет 
саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б мүдделерін 
қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды. 
 
3.Саясаттың түрлері мен қоғамда алатын орны. 
Саясаттың негізгі түрлеріне мыналар жатады: 
1. Қоғамның негізгі салаларына байланысты: 
- мәдени; 
- экономикалық; 
- әлеуметтік; 
- ұлттық; 
- экологиялық. 
2. Саясаттың қызметтерінің маңыздылығына қарай: 
- «ашық есік» саясаты; 
- нейтралдық саясат; 
- «үлкен адым» саясаты. 
3. Әсер ету объектілеріне қарай саясат: 
- ішкі; 
- сыртқы деп бөлінеді. 
Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, 
қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. 
Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік 
жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып 
табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік 
күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі 
мақсаттарын белгілейді: 
1. Саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтендірудің күштерді 
ұйымдастырған тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау. 
2. Сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау. 
Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде 
ең алдымен өз мүдддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, 
ұлтымен қарым-қатынас орнату. 
Оларға мыналарды жатқызуға болады: 
1. Достық қарым-қатынас орнату. 
2. Сауда қарым-қатынастарын орнату. 
3. Экономикалық қарым-қатынастарды орнату. 


4. Әскери қарым-қатынас орнату. 
Жалпы алғанда дамыған саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және 
бір – бірінсіз болмайды. 
Қоғамдық өмірдегі саясаттың орны оның қызметтерімен анықталады: 
- Биліктік маңызы бар қызығушылықтардың білдірілуі; 
- Қоғамдағы әр түрлі құндылықтардың бөлінуі; 
- Тұлғаның әлеуметтенуі; 

Билік 
объектілері 
мен 
субъектілерінің 
әртүрлі 
ресурстарды 
мобилизациялауы; 
- Халықтың әр түрлі тобының интеграциялануы; 
- Қоғамдық жүйенің толыққандылығын, тұрақтылығы мен тәртібін сақтау. 
Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу 
ұшін қажет. 
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. 
Қазіргі жағдайларда міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын 
анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешу болып табылады. 
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де 
үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге 
болып, қабаттаса жүріп араласады. 
Адам – саяси хайуан, жануар. Аристотель қандай болмасын қоғамда 
адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез 
өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам 
баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген 
немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз. 
Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде қарауға бірде – бір кепілі. 
Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. 
Ендіше, саясатсыз қоғам бар деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық 
қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады. 
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де 
үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге 
болып, қабаттаса жүріп араласады. 
Аристотель көрсеткендей «Адам – саяси жануар, жәнтік». Қандай болмасын 
қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол 
әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам 
баласының сол ортаға қалыптасуы мен енуінің өзі – ол саясат. Міне, бұл 
саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепілі. 
Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. 
Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Қоғам өмірі – күрделі саяси 
құбылыс, ал саясат - барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып 
саналады. 
Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар 
мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, 
ұлттар, мемлекеттер арасындағы іс - әрекет болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет