Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет58/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

2. Әлеуметтік әдіс-құралдар
. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, 
оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен 
оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген 
жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Қазіргі Батыс 
елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі 
мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, саяси билік басына 
келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждык жағдайға жібермейді, 
елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халыкты сақтандыру кең дамыған. Мысалы, 
зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалакысының 90%-ға дейінгісін ала 
алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с.с. 
3. Күш жұмсау құралдары
. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті 
сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. 
Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және 
т.б. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе 
экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы 
дайындалған адамдары болады. 


4. Ақпарат құралдары
. Қоғамдык пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету 
жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім 
теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шыныңда 
да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар 
кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не 
қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын 
мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялык партиялар бар 
елдерде арта түседі. 
Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да 
маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгінгі танда 
алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың(жапондықтардың) 
айтуынша, информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік соның 
қолында болады дейді. 
3. 
Саяси биліктің типтері, қызметтері, субъектілері.
Саясат әәлеуметтанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке 
заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты 
биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы 
емес. Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі 
(патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери 
топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с. Саяси биліктің тағы бір түрі 
– сайланған билік, яғни, халық билігі. Осыған байланысты, саяси биліктің өзі 
екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік 
және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. 
Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де 
сан алуан болып келеді. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын 
қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми 
қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау 
жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын 
көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе 
(АҚШ, Англия) орныққан. 
Ш.Л. Монтескье билік туралы қағидасы. Оның билік проблемасына 
байланысты жазылған шығармалары: “Заңдардың рухы”, “Парсылық хаттар”, 
“Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар”. Ш. Монтескье “Заңдардың 
рухы” еңбегінде зерттеудің өзегі етіп демократияны ұсынып демократиялық 
әділеттік арқылы мемлекеттік билік қалыптастырудың жолын көрсетті. Ол өмір 
сүрген кезеңде дүние жүзінде мемлекет басқарудың бір ғана түрі - монархия 
болды. Бұндай саяси режимде халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін 
болған жоқ. Сол себептен ғалым биліктің бұл түрін болашақсыз деп 
тұжырымдайды. Француз ғалымы билікке бақылау қажет, бірақ ол міндеттен 
халықты босату керек деген шешімге тоқтайды. «Бұдан мемлекеттік билікке 
қалайша бақылау орнатуға болады?» - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Ш. 
Монтескьенің берген жауабы – саяси билікті үш тармаққа бөлу принципі мен 
биліктің үш 49 тармағының бір-біріне тежемелік, тепе-теңдік жүйені пайдалану 
арқылы бақылау жасауы болды. Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы 


бойынша алдымен билікке халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен 
Конституцияның қабылдануы керек. Конституцияда биліктің тармақтарының 
ара қатынасы бекітіледі. Мемлекет билігі - заң шығарушы, атқарушы және сот 
билігі тармақтарына бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік 
жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге 
асырылады. Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш 
тармағының бірі үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің 
басқа бір тармағы оған тойтарыс беру мүмкіншілігі бар (Конституция бойынша 
дауысқа салу арқылы). Ш. Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан 
кейін саяхатқа шығып Еуропа елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да 
мемлекеттерге ұсыну болатын. Бірақ ешбір жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. 
Нәтижесінде өз ілімін «іске аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен 
ғалым дүние салады.Бірақ бір топ ғалымдар сол уақыттың өзінде ғалымның осы 
теориясымен танысып жатыпты. Ш. Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32 жыл 
өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің Конституциясын 
қабылдады. кейін саяси биліктің осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай 
бастады. 
Г. Спенсердің саяси көзқарастары. Орта ғасырлық позитивизмнің негізін 
салушылардың бірі, ағылшындық психолог – Герберт Спенсер (1820-1903) 
болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп 
біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымдамасы әлеуметтік 
көзқарасымен қоғамның органикалық теориясы деп аталатын іліміне негіз 
болды. Спенсер социализмге қарсы болып, революцияны қоғамдық 
организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») 
тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте 
дифференциация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені 
жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі - қарапайым немесе 
жыртқыш; екіншісі - жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғыл-
данатыны - соғыс, екіншісінікі - ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және 
бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда 
Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, 
құрылымдық-функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда. 
Макс Вебердің билік туралы теориясы. Немістің көрнекті ғалымы Макс 
Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, 
харизматикалық, ашық (жария). Біріншісі, дәстүрлік үстемдік. Бұл билік киелі 
дәстүрге (сенімге) негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына 
сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. 
Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше 
дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай 
адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. М.Вебердің ойынша, 
құқықтық мемлекет негізделетін легитимді үстемдіктің үшінші түрі - ашық, 
жария үстемдік. Қоғамға үстемдік етуші адам емес, заң болуы тиісті; ал ашық, 
жариялылық билік демократиялық талаптарға сәйкес келетіні белгілі. 
Демократиялық жағдайда мемлекеттік биліктің легитимді болуы үшін мынадай 
екі шарт қажет: - билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және 


көпшіліктің еркіне қарай орнатылуы. - мемлекеттік билік конституциялық 
қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. 
Билікті ұйымдастыру түрінің бірі – абсолютизм – монархтардың қолындағы 
мұраға қалдыратын шексіз билік. Авторитаризм – бір адамның немесе топтың 
шексіз билігі. Ондай билікте тиран, деспот, фюрер, көсем немесе халық 
бұқарасы сайлаған, құқықтарды аяққа басатын топ елді билейді. Деспотизм – 
бір адамның қатал самодержавиялық шексіз және дара биліктің түрі. 
Охлократия – гректің тобыр сөзінен – тобыр билігі деген мағынада. 
Плутократия (гректің «плутос» - байлық, «кратос» - билік) – саяси билік бай, 
ауқатты топтың қолында болатын мемлекеттік құрылыс. Тирания – мұнда билік 
күшке, зорлыққа, деспотқа негізделеді. Тоталитаризм (латын тілінен «тоталис» 
- толық, тұтас) - қоғам өмірінің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне 
негізделген биліктің түрі. Элитаризм – қоғамды ерекше пұрсатты 
жағдайындағы адамдар тобына, элитаға бөлудің қажеттігін негіздейтін 
концепция (билік түрі). 
Либерализм – парламенттік құрылымды, буржуазиялық бостандықты 
жақтайтын буржуазиялық идеологиялық, қоғамдық-саяси ағым. Бюрократия – 
билікті жүзеге асырудың ерекше формасы, ерекше пұрсатты кастаның билігі 
және оның көпшілікке тәуелсіз болуы. Демократия – халық билігіне негізделген 
саяси билік. Басқару түріне байланысты билік монархиялық және 
республикалық болып бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарға өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің 
қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия 
өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге 
бөлінеді.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде 
заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Республика деп мемлекеттік 
биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе 
өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың 
түрін айтады. Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе 
жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Билік мемлекеттің құрылысына 
қарай унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді. 
Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік 
бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға 
жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекетік биліктің 
жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Федерация деп белгілі бір саяси 
тәуелсіздігі бар бірнеше құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті 
құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің 
арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекетік конституциямен реттеледі. 
Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) 
органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. 
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір 
мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін 
бірлескен егеменді елдер одағын айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет