Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет60/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Саяси биліктің легитимділігі және билік бөліну принциптері.
Биликтің легитимділігі
- оның заңдылығының көрсеткіші. Бірақ бұл 
биліктің тек қана жазылған және бекітілген заңға сәйкестілігі емес, ол ең 
алдымен берілген билікті қоғам мүшелері өз еркімен мойындау және қабылдау 
заңдылығы болып есептеледі. 
Саяси 
биліктің легитимділігі
- халықтың келісіміне негізделген әрі 
заңмен,ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз 
- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен 
шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді 
болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет: 
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай 
орындалуы керек; 
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы 
керек. 
Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің 
мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен: 
1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың 
санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді; 
2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, 
адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды 
басшы ету; 
3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси 
құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына 
негізделеді. 
Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның 
легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын 
айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті 
қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы 
халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. 


Легитимді биліктің идеалды түрлерін М. Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің 
мынадай 3 түрін ажыратқан: 
- дәстүрлі, 
- харизматикалық, 
- легальды - рационалдық. 
Легитимді биліктің болуының шарттары
бар. Олар: 
- билікке сайлау арқылы келу; 
- қоғамда тұрақтылықтын болуы; 
- бекітілген биліктің әлемдік қауымдастықпен мойындалуы. 
Қазіргі дамыған елдерде демократиялық биліктің жүзеге асу 
басты 
принциптерінің бірі
– ол 
билік бөлу принципі. 
Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі 
ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон 
Локк және әрі қарай толық дамытқан 18 ғ. Француз ойшылы Ш.Л. Монтескье 
болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда 
болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, 
Сот билігі. 
Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге 
асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға 
айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек 
қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі 
жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан 
Жак Руссо: ол халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін 
ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу деп 
тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта 
демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым болып 
кетпеуіне кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір-біріне мүлдені тәуелсіз 
автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет. 
Демократиялык саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, 
мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа 
бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704) пен 
француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689-1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту 
немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, 
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны 
қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық 
келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын 
айқындайды. 
Атқарушы билікке үкімет, әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы 
өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы заң шығарушы биліктің 
бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға 
негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы 
билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған 
және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды 


(бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал 
әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. 
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, занды бұрмалаушылықтан 
сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық 
жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер 
қалыптастырады. Ол шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз 
жұмысында тек занды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік 
органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол 
шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, 
айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге 
кұкығы жатады. Біраз елдерде соттың тәуелсіздігін және әділдігін қамтамасыз 
ету үшін ант берген әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесінде 
судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы 
қатысады. Олар айыпкердің ісі жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде 
судьялар үкім шығарады. 
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде ғалымдардың арасында әр түрлі 
көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері 
кеміткісі келеді. Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат 
құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан 
дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасоз бостандығы шын мәнінде 
беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген 
елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, коғамның ісіне белсеңді 
араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат 
құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты 
істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), 
халықтың мұңын мұндаса, шынында да, төртінші билік демей немене? 
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, 
талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар. 
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. 
Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады. 
Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр. 
Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр. 
Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. 
Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы 
басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған 
бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, 
бірақ оны әкімшілік билікке қосады. Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы 
елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті баскару ыңғайлы болу 
үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді. 
Саясат әлеуметтануда негізгі әрі күрделі мәселелердің бірі – саяси билікті 
жүргізу түрі мәселесі. 
ҚР-да билікті жүргізу жолдары.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық 
референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды, онда 
Қазақстандағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Заң шығарушы, Атқарушы 
және Сот билігі тармағына бөлу принципіне сәйкес жүзеге асырылады, тежеу 


мен тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды 
делінген тәртіп бекітілді. Жаңа Конститутцияда Қазақстан Республикасы саяси 
билігінің үш тармағының атаулары бекітілді: Заң шығарушы биліктің аталуын 
Парламент деп қалдыру ұйғарылды, оның жоғарғы палатасы Сенат, төменгі 
палатасы Мәжіліс деген атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер-
министр, Үкімет-Атқарушы биліктің құрамын құрды. Саяси биліктің үш 
тармағының бірі - Сот билігі – Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. 
Парламенттің осы Заңы бойынша жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал 
атқарушы билік Әкімшілік (акимат) деп аталатын болды. Саяси ғылымдар 
тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік басқару формасы 
демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып саналады. 1995 
жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан Республикасы 
бүгін Президенттік-парламенттік республикаға айнала бастады. Бұл жас, 
тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет