Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет64/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
4 сұрақ.
Саяси элита біртекті емес, ішкі құрамынан бөлініп тұрады және 
түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде айырылып тұрады. Бұл жағдай және 
зерттеулік тұрғылардың ерекшеліктері оның жіктеуін күрделендіріп жібереді. 
Ықпал негіздеріне қарай элиталар мынадай түрлерге бөлінеді; тектілік, 
мысалы, аристократия; құндылықты – жоғары дәрежедегі және ықпалды 
қоғамдық, мемлекеттік орындарды алып отырған тұлғалар; 
билеуші
– тікелей 
билікке ие болып тұрған адамдар; функционалдық, яғни қызметтік-кәсіби 
басқармашылар, олар жетекші қызмет істеу үшін қажетті біліктілікке ие болып 
тұр. 
Р. Вильденманн қоғам жүйесіндегі басты салаларына қарай төрт негізгі 
элиттік топтарды ажыратады; саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени. 
В.В. Радаев және О.И. Шкаратан стратификациялық жүйелердің типтеріне 
негізделіп элиталардың жіктеу мен бейнелеудің мүмкіндіктеріне назар 
аударады. Олар стратификациялық жүелердің тоғыз типтерін ажыратады: 
1) Физико-генетикалық; 2) Құлиеленушілік; 3) Касталық; 4) Сословиелік; 5) 
Этократиялық; 6) Әлеуметтік-кәсіби; 7) Таптық; 8) Мәдени-символикалық; 9) 
Мәдени-нормативтік. 
Элиталардың арасында басқарушы, мемлекеттік билікке тікелей ие болып 
тұрған элитаны, және оппозициялық (контрэлитаны); ашық, қоғамнан 
іріктелініп алынатын, және жабық, өзінің ортасынан қайта өндірілетін элитаны, 
мысалы, дворяндарды ажыратуға болады. 
Элитаның өзі жоғарғы және орта элиталарға бөлінеді. Жоғарғы элита бүкіл 
мемлекет үшін маңызды шешімдердіқабылдауға тікелей ықпалын тигізеді. 
Батыс демократияларда тұрғындардың әрбір миллионына жоғарғы элитаның 
елу шақты өкілдерінен келеді. Ең жоғарғы элитаның ішінде оның өзегін 
ажыратуға болады. Оның саны – 200-400 адам. Олардың өзара байланыстары, 
әсерлесуі өте интенсивтік. 
Орта элитаға зерттеушілер ел жұрттың бес пайызын жатқызады. Оларды үш 
белгілеріне қарай ажыратады – табысына, кәсіби мәртебесіне және біліміне.
 


Элитаның әлеуметтік өкілдігіне, сапалы құрамына, кәсіби біліктілігіне және 
нәтижелігіне оның рекруттеу, яғни іріктеп алу жүйелерінің тигізетін ықпалы 
зор. Осындай жүйелер мынау мәселелерді шешеді: кім, қалай және кімнен 
іріктеп алуды жүзеге асырады, оның тәртібі және өлшемдері қандай, 
селектораттың (яғни іріктеуді жасайтын тұлғалардың) шеңбері қандай және 
оның іс-әрекеттерінің қозғаушы ниеттері қандай. 
Элиталарды рекруттеудің екі негізгі жүйелері бар; гильдиялардың және 
антрепренерлік (кәсіпкерлік). Таза түрде олар өте сирек кездеседі. 
Антрепренерлік жүйе демократиялық мемлекеттерде басымды болып көбірек 
кездеседі, гильдиялар жүйесі - әкімшілік социализм елдерінде, бірақ оның 
кейбір белгілері Батыста, әсіресе, экономика мен мемлекеттік-әкімшілік 
саласында кең таралған. 
Бұл жүйелердің әрқайсысының өзінің ерекше белгілері бар. Осылай, 
гильдиялар жүйесіне мынау белгілер тән: 
1) Жабық болуы, биіктеу орындарға талапкерлерді негізінде элитаның 
өзінің төменгі сатыларынан іріктеп алу, жоғарыға ақырындап, келе-келе басып 
жүру. Мысал үшін күрделі шендік сатыны, қызметтік иерархияның көптеген 
басқыштарынан ақырын биікке қарай жүруді ұйғаратын, келтіруге болады; 
2) Іріктеу процесінің институцияландыруының жоғары деңгейі, көптеген 
институциялдық фильтрлердің болуы – лауазымды орындарға отыру үшін 
формалдық талапнамалар. Бұлар партияға қатысы, жас шамасы, білімі, 
басшылықтың берген сипаттамасы туралы талаптар болуы мүмкі; 
3) Селектораттың үлкен емес, салыстырмалы түрдегі жабық шеңбері. Ереже 
бойынша, оған жоғарыда тұрған басқарушы органның мүшелері ғана немесе 
бірінші басшы – үкіметтің, фирманың басы және т.с.с. кіреді; 
4) Кадрларды іріктеп алу және тағайындау басшылардың тар шеңберінде 
жасалады, ашық бақталастықтың болмауы; 
5) Тіршілік етіп тұрған элитаның типін қайтадан өндіруге беталыс. Бұл 
белгі алдағы белгілерлен шығып тұр – көптеген формалдық талапнамалардан, 
лауазымды орынға жоғарғы басшылықпен тағайындалу, сонымен бірге осы 
ұйымның қатарында талапкердің көптен бері болуы. 
Элиталардың іріктеп алуының антрепренерлік жүйесі көр жағынан 
гильдиялар жүйесіне қарама-қарсы тұрады. Оның мынадай айырмашылықтары 
бар: 
1) ашық болуы, алға шыққан орындарды алуға қандай да болсын қоғамдық 
топтардың өкілдерінің таласуына кең мүмкіндіктерді туғызу; 
2) формалдық талапнамалардың, институциялық фильтрлердің көп емес 
саны; 
3) селектораттың кең шеңбері, оған елдің барлық сайлаушылардың кіруі 
мүмкін; 
4) іріктеп алудың күшті бақталастығы, басқарушы орындарды алу үшін 
өткір бәсекелестік; 
5) элитаның құрамының өзгермелілігі, ол үшін тұлғалық қасиеттердің 
маңыздылығының бірінші орында болуы: жеке адамның белсенділігі, кең 


аудиторияның қолдауын табуға, оны сүйкімді идеяларымен және 
бағдарламаларымен өзіне тартып алуға шебірлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет