Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет69/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 22. Мемлекет және азаматтық қоғам 
 
Дәріс жоспары: 
1. Мемлекеттің саяси мағынасы және негізгі белгілері. 
2. Мемлекеттің түрлері мен қызметтері. 
3. Мемлекеттің пайда болу теориялары. 
4. Азаматтық қоғам түсінігі мен мәні. 
1. Мемлекеттің саяси мағынасы және негізгі белгілері. 
Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі 
мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды 
өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді. 
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін 
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді 
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси 
билік 
ұйымы. 
Егемендікке, 
заңдастырылған 
зорлықты 
пайдалануға 
монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) 
арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше 
түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері мемлекеттің 
орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы 
және сот органдары, әскер, полиция жатады;мемлекеттің тұрғындары 
әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол 
бірліктер әр елде түрліше аталады);мемлекеттің шекарасы анық белгіленген 
аумағы болады; мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік 
мекемелерде 
қызмет 
істейтін 
шенеуніктерді 
ұстау 
үшін 
салық 
жинайды;мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер 
шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады. 
«Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кең 
мағынасында ол ел, қоғам деп түсінуге болады. Ол оның бір территорияда 
орналысқандығын білдіреді және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып 
отырады. Өзінің тар мағынасында мемлекет белгілі бір территорияда жоғарғы 
билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым ретінде түсіндіріледі. 
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік 
беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады: 
1. Бұқаралық биліктің болуы. 
2. Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу. 
3. Салық жүйесі. 
4. Егемендік. 
5. Құқық. 
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл 
мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен 
бағынушылықтың 
саяси-бұқаралық 
қатынасы. 
Мемлекеттік 
биліктің 
ерекшеліктері мыналардан көрінеді: 
1. Бұқаралық (көпшілік) билік. 
2. Аппараттық билік. 


3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік. 
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі 
міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы 
оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі. 
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер: 
- таптық; 
- жалпы әлеуметтік. 
Жалпы алғанда, мемлекеттің негізгі белгілері

- территория; 
- халық; 
- билік. 
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды 
жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде 
туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. 
Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. 
2. Мемлекеттің түрлері мен қызметтері. 
Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және 
өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет