Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет72/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Ішкі функция
– қоғам өмірінің ішкі жағдайын басқарудағы мемлекеттің 
негізгі бағыттары. Ішкі функцияны жіктеу мемлекет қызметінің көлеміне 
байланысты болады. Әрбір мемлекет өзінің басқару нысанына, не болмаса 
мемлекеттік құрылымына қарай көптеген негізгі экономикалық, әлеуметтік, 
күзет және бақылау қызметтерін тәуелсіз шешеді. 
Сонымен бірге қазірге кезде, барлық мемлекеттердің алдында тұрған 
маңызды мәселеге қоршаған ортаны қорғау жатады. Жоғарыдағы көрсетілген 
жұмыс көлеміне байланысты Қазақстан Республикасының ішкі фнукцияларына 
экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, құқықтық тәртіпті қорғау және 
экология (табиғат қорғау) жатады. 
1) саяси сферада – демократиялық қоғамды құрудағы, халықтық биліктің әр 
түрлі нысандарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің стратегиялық бағыттарын 
іске асыру маңызды болып табылады. Әсіресе, заңдылықты және қоғамдық 
тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; ұлтаралық 
келіспеушілікті жою, т.б. бағыттары; 
2) экономикалық сферада – елдің экономикалық дамуының жоспарын 
жасау, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық 
жүйелерін тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз 
бәсекеге тыйым салу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, базарлық-
тауарлық қатынастар кезіндегі өмір сүрген Құқықтық мемлекеттің 
экономиканы мемлекеттік реттеуі, негізінен әкімшілік тәсілімен, экономикалық 
жолмен іске асырылады. Ондай мемлекеттер бостандықта және жекеменшік 
еркіндігі бар сипатта болады, өндірушілердің және әлеуметтік жағдайларды 
тұтынушылардың шын теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. 
Мемлекеттік реттеудің
негізгі экономикалық екі түрі болады: 
1) Мемлекетке оның әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін, 
қоғамның өндіргіш күштерін қалыпты дамытуға, ұлттық байлықты бөлуге, 
қаталырақ алым-салым саясаты керек. 


2) Мемлекеттің түгелімен қоғамның пайдасына үлкен үлес қосатын 
экономиканың тиісті саласының дамуына қажетті жағдайлар жасауы. 
Қазіргі құқықтық мемлекеттің 
экономикалық қызметтері
мынадай 
бағыттарды қамтиды: 

Қоғамның экономикалық өміріне
мемлекеттің ықпалын мынадан көруге 
болады: мемлекет бюджетті жасайды және экономикалық дамудың ел 
көлеміндегі бағдарламаларына сәйкес оның жұмсалуына бақылау жүргізеді; 
өндірістің және ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қаржыландырады, 
өндірісті ынталандыруға жәрдем ақша бөледі. Экономикалық процесстерді 
мемлекеттік реттеуде жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдар, арнайы 
мекемелер қатынасады. 
- Әлеуметтік сферада
– Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды 
бөлу 
өндірушілердің 
арасындағы 
эквиваленттік 
айырбастан 
басқа 
тұтынушылармен іске асырылады. Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні 
біріншіден, әлеуметтік табысты бөлуді әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай 
жүргізу қажет. Себебі, әртүрлі объективтік себептерге байланысты өз жөнінде 
толық жұмыс істей алмайтын адамдардың (ауырулар, инвалидтер, кәртайған 
адамдар, студенттер, балалар) өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету 
қажеттігі. 
Халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз 
адамдарды), зейнетақымен қамтамсыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол 
құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс құрлдарына қажетті 
қаржатты бөлу т.б. 

Экологиялық сферада
- кәзіргі мемлекеттерде көптеген табиғат қорғау 
туралы заңдар шығарылған, олар адамдардың және мекемелердің жұмыстарын 
табиғат қорғау жағынан реттейді (Қабылданған заңдарға жануарлар дүниесін, 
ауаны, табиғи байлықтарды, суды, жерді, орманды) қорғау жатады. Көптеген 
елдерде өмір сүрген ортаны қорғау туралы ұлттық жоспарлар жұмыс істейді. 
Онда табиғатты бұзушыларды жазалайтын шаралар белгіленген, жерді, ауаны 
ластайтын өндіріс қалдықтарын жою жолдары белгіленген. 
Азаматтардың 
экологиялық 
жағдайын, 
экологиялық 
қауіпсіздікті 
қамтамасыздандыру жұмыстарын жүргізу. Сөз соңында айта кету керек, бұл 
функция ішкі және сыртқы көріністерде қатар жүреді. Басқаша айтқанда бұның 
екеуіне де қатысы бар. Осындай тәріздес функцияларға ғылыми-техникалық 
прогресті қамтамасыз ету бағыттары да жатады, айталық ғарышты бірлесіп 
зерттеу және жұртшылыққа ақпарат көздерімен таныстыру қызметін көрсету. 
Сыртқы функциялар мыналар болып табылады
1) дүниежүзілік қоғамдастыққа кіру мақсатына басқа мемлекеттермен өзара 
тиімді 
экономикалық, 
саяси, 
ғылыми-техникалық, 
мәдени, 
әскери 
ынтымақтастықта болу; 
2) сыртқы шабуылдан өзін қорғау, мемлекеттің шекарасын сақтап қалу; 
3) жер шарында бейбітшілікті қамтамасыз ету, соғысты болдыртпау, 
қарусыздандыру, ядролық қаруды жою. 
Қазіргі 
кездегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет