Т. Гоббс мемлекеттің осыған сай түсінігімен келіскен болатын. Адамдарды
қорқынышта ұстай алатын және сонымен олардың өзара әсерлесуін реттеп,
олардың талаптарын жалпы игілікке баулитын жалпы билік монархқа
негізделген. Тек монарх қана мемлекет мәнінің, суверенитетінің жүзеге
асырылуына септігін тигізеді. Тек ол билік астындағыларына бейбіт ұсынып,
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде билік тек
билеушімен, бюрократиямен, мемлекеттің аппаратымен ассоциацияланып
қоймай, сонымен қатар нормалармен, қарым қатынастармен, рольдермен,
процедуралармен, институттармен ассоциацияланады. Мысалға, марксистер
мемлекетті тек таптай бөлінген қоғам ретінде мойындап, оны бір класспен
екіншіні басып жаныштайтын машина ретінде, заңның қадағалануын
орындайтын орган ретінде, ал мемлекеттіліктен мемлекетсіздікке өтпелі
кезеңінде «жалпы істерді басқаратын комитет ретінде» қарастырған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: